28 қазан 2019 10:28

Нұр-Сұлтанда alem бағдарламалау мектебі ресми түрде таныстырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Цифрлық күз жалғасуда. Бүгін Digital Bridge халықаралық технологиялар форумы аясында қазақстандықтарға бағдарламалау бойынша тегін білім беретін alem мектебі ресми түрде таныстырылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі


Цифрлық күз жалғасуда. Бүгін Digital Bridge халықаралық технологиялар форумы аясында қазақстандықтарға бағдарламалау бойынша тегін білім беретін alem мектебі ресми түрде таныстырылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі

Мектепті таныстыру кезінде ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев бұл мектеп IT саласына білікті маман даярлауда  және олардың тәжірибесін жетілдіруде маңызды рөлге ие екенін атап өтті.

"Бұл мектеп Силикон алқабындағы 42-ші мектептің баламасы іспетті және адами капиталды дамытуға бағытталған маңызды жоба. Сондай-ақ, ел басшылығы жүзеге асырылуына зор көңіл бөліп отырған "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасындағы басым бағыттардың бірі. Мектептің Astana Hub аумағында орналасуының өзіндік маңызы бар. Инновациялық аура, дарынды стартаперлер мен амбициозды студенттердің бір жерге шоғырлануы  балаларды одан әрі ынталандырады деп ойлаймын", - деді Асқар Жұмағалиев.

Аlem - Umit Fund коммерциялық емес білім беру қорының және 01 Edu System еуропалық білім беру платформасының жобасы. Мектептің халықаралық серіктесі Николя Садирак оның ерекшелігі туралы былай дейді: "Alem мектебінде білім беру Peer learning принципі бойынша құрылған. Стандартты техникалық дағдылардан бөлек студенттер сыни ойлау, жауапкершілік алу, шешім қабылдау және топпен жұмыс істей білу дағдыларын дамытады. Alem бағдарламасында геймификация белсенді қолданылады - әрбір тапсырма белгілі бір білім мен дағдыны алуға бағытталған, олар әр студент үшін жеке-жеке реттілікпен келесі деңгейлерден өту үшін қажет".

Дәл қазіргі уақытта мектепте төрт апталық bootcamp - "бассейн" өтуде, онда студенттер қатаң дедлайн мен практикалық тапсырмаларды шешуді үйренеді. Еркін жүзіп өткендер ғана мектепте білімін жалғастырады. Бірінші кезеңге қабылданған 200 студенттің 10 пайызы алғашқы екі аптада оқудан шығып қалған.

Мектепке 18-35 жас аралығындағы барлық тілек білдіруші қабылданады. Бірінші "бассейнге" қатысушылардың орташа жасы 23-те. Alem студенттерінің 20 пайызы - қыздар. Негізгі оқу курсы "бассейннен"өткеннен кейін басталады. Оқытудың орташа ұзақтығы-екі жыл. Студенттердің  тәуліктің кез-келген уақытында, жұмыс, демалыс және мереке күндері білімдерін жетілдіруіне мүмкіндіктері бар.

Мектепке түсу үшін https://alem.school сайтында тіркеуден өту қажет. Сондай-ақ, тілек білдірушілер алдын ала тестілеуден өтіп, сұхбаттасады. Оқуға түсу үшін бағдарламалау, математика дағдыларын меңгеру немесе ҰБТ/басқа емтихандардың нәтижелері қажет емес. аlem кандидаттарын іріктеу кезінде болашақ студенттердің қабілеті мен мотивациясы бағаланады. IT саласына алғаш қадам басушылар мен мансабын өзгерткісі келетіндер де  осы мектепте білімін мен білікітілігін жетілдіре алады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети