11 мамыр 2014 17:53

Өнертапқыш зілзаланың алдын алу жүйесін жасап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сергей Брещук. ©Сelestialpatrol.com Сергей Брещук. ©Сelestialpatrol.com

Ақмолалық өнертапқыш зілзаланың алдын алу мен күшін азайту жүйесін жасап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақмолалық өнертапқыш зілзаланың алдын алу мен күшін азайту жүйесін жасап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сергей Брещук Жердің магнитті өрісінің жер сілкінісінің пайда болуына әсер ететін фактор екеніне сенімді. Ол бұл салада 2005 жылдан бері зерттеу жүргізіп келеді. Жобасы екі бағытта дамыған - сейсмология және медицина.

Брещук 2011 жылы жер сілкінісін болжау бағдарламасын жасаған. Уақыт өте келе "Небесный патруль" аталатын жобаға шетелдіктер қызығушылық таныта бастапты. Ресейдің "Сколково" инновациялық орталығы өнертапқышты өздеріне шақырған. Жобаның болжамдарын ақылы негізде Үндістанның мемлекеттік органдары, Малайзияның Petronas мұнай компаниясы, ағылшынның BP концерні пайдаланып отыр.

Өнертабыс иесі енді зілзаланы болжаумен бірге оның алдын алу және күшін азайту жөнінде де зерттеулер жүргізуді жалғастырмақшы. Брещуктің айтуынша, табиғи магнитті өрістің жиілігін арнайы құралдардың көмегімен күштеп өзгертуге болады. Қай жерде өрісті реттеу қажеттігін "Небесный патруль" бағдарламасы анықтап береді. 

Қазақстандық өз әдісі бойынша жерасты дүмпулерінің бір жылға арналған болжамын жасайды. 2013 жылғы болжамы, өзінің айтуынша, 92%-ға дәл келген. Негізгі тербелістердің бәрі, олардың уақыты түгел болжанған. Ташкентте болған жер сілкінісіне қатысты болжам ғана қате шықты - бағдарлама тербеліс магнитудасын дұрыс көрсетпеді.

Бұған дейін қазақстандық ғалым Виктор Инюшин жойқын зілзаланың алдын алу әдісін тапқанын мәлімдеген еді. Ол сейсмикалық қуатты электр қуатына айналдыра алатын арнайы құрылғы ойлап тапқан. Бірақ ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ғалымның идеясын түкке тұрғысыз етіп сынады. Шенеуніктердің айтуынша, Инюшиннің ойлары азаматтарды адастырады және тәжірибе жүргізуге келмейді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети