04 ақпан 2015 16:48

Оңтүстік Америкада ежелгі "пілтышқан" табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Фото: James Gurney © Фото: James Gurney

Еуропалық палеонтологтар Уругвай аумағынан тісі тышқандыкіне ұқсайтын, салмағы бір тонна шамалас кеміргіштің қалдықтарын тапты, - деп хабарлайды РИА Новости Journal of Anatomy басылымына сілтеме жасап.


Еуропалық палеонтологтар Уругвай аумағынан тісі тышқандыкіне ұқсайтын, салмағы бір тонна шамалас кеміргіштің қалдықтарын тапты, - деп хабарлайды РИА Новости Journal of Anatomy басылымына сілтеме жасап.

Жаңалық ашушылардың бірі Филип Кокстың (Philip Cox) айтуынша, "пілтышқандар" азуын тек тамақ жеуге емес, сонымен қатар, жыртқыштардан қорғану үшін қолданған.

"Біз табылған сүйектерді зерттей келе, бұл жануарлар екі азуын тек тістеп, тамақты бөлу үшін ғана емес, жер қазып, жыртқыштардан қорғану үшін қолданған деген тұжырымға келдік. Олар азуын дәл пілдер сияқты қолданады", - дейді ол. 

Кокс пен оның әріптестерінің айтуынша, ежелгі "пілтышқанының" сүйектерін уругвайлық палеонтогтар 2008 жылы тапқан, бірақ олар қазірге дейін оған аса мән бермепті. Ұлыбритания ғалымдары аса үлкен көлемді жануардың жақ сүйектері мен тістерін көріп таңғалған. Сөйтіп, олар сүйектерді өз зертханасына апарып, оның тістеу күшіне баға беріп, қай ғасырда өмір сүргенін анықтауға тырысқан. 

Палеонтологтардың мәліметінше, бұл сүтқоректілер Josephoartigasia monesi деп аталған. Ол жер бетіндегі ең ірі кеміргіш болып есептеледі, салмағы мың келіге жуық. "Пілтышқандардың" габариті бизон немесе басқа да ірі тұяқты жануарларға ұқсайды. 

"Пілтышқандардың" тістеуі аса күшті болған, олардың жақ сүйектері мен бұлшық еттері 1400 ньютонға дейінгі күшті бөлген, бұл күш жолбарыстың тістеу күшіне тең. Алайда олардың тістері одан 2-3 есеге ауыр күш жұмсауға арналған", - дейді авторлар.

Айта кетейік, палеонтологтар  "пілтышқандар" Оңтүстік Америка аумағын мекендеген деп отыр. Зерттеу нәжилері бойынша, табылған сүйектердің жасы үш миллион жылдан аспайды. Қазір ол сүйектер Уругвай астанасындағы табиғат тарихы ұлттық мұражайында тұр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети