27 наурыз 2021 10:34

Оңтүстікафрикалық штамм вакцина әсерін 30 пайызға төмендетеді - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Коронавирустың оңтүстікафрикалық түрі вакциналардың тиімділігін 30 пайызға төмендетуі мүмкін. Бұл туралы ұлыбритания ғалымдары ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail-ге сілтеме жасап.


Коронавирустың оңтүстікафрикалық түрі вакциналардың тиімділігін 30 пайызға төмендетуі мүмкін. Бұл туралы ұлыбритания ғалымдары ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail-ге сілтеме жасап.

SAGE жүргізген талдау нәтижесі бұл штамм вакцинацияланған немесе бұрын вирус жұқтырған адамдардың антиденелерінің тиімділігін 10 есеге дейін төмендетуі мүмкін екенін көрсеткен.

Сынақтар AstraZeneca вакцинасына жүргізілді.

Ресми түрде B.1.351 деп аталатын оңтүстікафрикалық штамының тікенекті ақуызында үш негізгі мутация бар, бұл оған иммундық жүйеден "жасырынуға" көмектеседі.

COVID-19 адам жасушаларына жабысу үшін өз инесін қолданады, ал қазіргі вакциналар адам ағзасына осы ақуызды тануға үйрету үшін жасалған.

SEGA бразилиялық P.1 нұсқасы аса алаңдаушылық тудырмайтынын, өйткені оның мутациясы аз, бірақ вакциналарға біршама төзімді болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Ал оңтүстікафрикалық штамм түпнұсқаға қарағанда кем дегенде 60 пайызға жұқпалы саналады.

Англияның Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі бүгінде Ұлыбританияда "Оңтүстік Африка" штамын жұқтырған 412 адамды анықтады.

Еске салайық, Алматыда коронавирус мутациясының ұлыбританиялық және оңтүстікафрикалық штамы анықталды. Жандарбек Бекшин осыған байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети