06 ақпан 2014 18:30

Өтелбаев шешкен мыңжылдық теңдеуді ресейлік ғалымдар қарап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Профессор Мұхтарбай Өтелбаев. ©astana.gov.kz Профессор Мұхтарбай Өтелбаев. ©astana.gov.kz

Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Мұхтарбай Өтелбаевтың мыңжылдық теңдеуі шешімін бір топ ресейлік ғалымдар тексеріп көріп жатыр дейді Tengrinews.kz тілшісі. Ресейлік ғалым, Новосібір мемлекеттік университетінің қолданбалы математика кафедрасының меңгерушісі Павел Плотников әзірге қорытынды шығаруға әлі ерте екенін айтады. "Мамандар қазір барлығын есептеп көріп жатыр, көктемге немесе жазға қарай бұл жұмысты біржақты етеміз. Бұл өте күрделі жұмыс, оны оқудың өзі аса қиын. Бұл мыңжылдық мәселесі, сондықтан қарапайым шешімнің жоқтығы айқын. Бір топ математиктер оған ден қойған. Қорытындысын әлі айтпаймыз. Біз Қазақстанда аталған еңбекке қатысты оң және теріс пікір білдіретіндер табылатындығына сенімдіміз. Әзірге бізде бұл мәселеге қатысты біржақты шешім жоқ. Мәтін анық жазылған, алайда шайтан қалтарысқа тығылатындығы белгілі ғой" деп атап өтті Плотников Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында. Дегенмен ғалымның бірқатар жерлес әріптесі оның есебіне күмән келтіреді. Мысалы, математик Әнуарбек Мейірманов жұмыстың аяғына жеткізілмеген бірқатар жерін нұсқап отыр. Өз кезегінде Мұхтар Өтелбаев кемшіліксіз іс болмайтынын айтады, сондықтан ол оны түзеуге әрдайым дайын. "Яғни, бұл, негізінен, теңдеуге қатысты, ол әлі қадағалануда. Оны соңғы шешім деп айтуға әлі ерте, мен қазір біраз жерін жетілдіріп жөндеп жатырмын. Кез келген жұмысқа күдік келтіруге болады. Егер мен қателескен болсам, бұл да жақсы бағаға ие нәрсе, өйткені мұндай мәселемен білікті математиктер ғана айналыса алады. Жыл сайын осы тақырып бойынша он шақты жұмыс жарияланады, ал мен оларға қатысы жоқ жаңа тәсілді пайдаландым. Кемшіліксіз жұмыс болмайды. Менің кемшілігімді нұсқап көрсеткен математиктерге алғысым шексіз. Жыл бойына оны түзеуге тырысамын" дейді Өтелбаев. Еске сала кетелік, 2014 жылдың қаңтарында Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің Еуразиялық математикалық институтының директоры Мұхтарбай Өтелбаев "Навье-Стокс" теңдеуінің мықты шешімі барлығы" туралы ғылыми жұмысын аяқтап, оны баспасөзде жариялаған болатын. Бұл - жеті күрделі математикалық есеп енетін "мыңжылдық мәселесі". 2000 жылдың басында Клэя институты осы математикалық проблеманы шешкеннің әрқайсысына 1 миллион АҚШ доллары көлемінде жүлде ұсынатындығын жариялаған еді. Бүгіндері мыңжылдықтың жеті проблемасының тек біреуі ғана шешіліпті (Пуанкаре гипотезасы). Филдс сыйлығы осы есеп шешімін тапқан ресейлік ғалым Григорий Перельманға бұйырған. Алайда, Перельман атақты қанағат ететіндігін, ал ақшалай сыйлықтан бас тартатындығын мәлімдеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети