19 сәуір 2022 15:40

"Ойыншық жинайды". Қазақстандық оқушылар АҚШ-та робототехника бойынша әлемдегі ең ірі конкурсқа қатысып жатыр

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: НЗМ ФМБ баспасөз қызметі Сурет: НЗМ ФМБ баспасөз қызметі

Қазақстандық оқушылар робототехника бойынша әлемдегі ең ірі конкурс FIRST Robotics-ке жолдама жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық оқушылар робототехника бойынша әлемдегі ең ірі конкурс FIRST Robotics-ке жолдама жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-10 сынып оқушылары АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтіп жатқан робототехникадан әлемдік жарысқа келді. Олар конкурс талабына сай арнайы ойыншық жинайтын робот жасап шықты. 

"Бұл жерде роботтың ойыншықты жинау жылдамдығына байланысты балл есептеледі. Роботымызды 1 айдың ішінде жасап шықтық", - дейді АҚШ-қа Қазақстан атынан барған 10 сынып окушысы Марғұлан Тұрғанбек.

Жалпы, FIRST компаниясы жыл сайын жоғары мектеп оқушылары арасында робототехника бойынша халықаралық конкурс ұйымдастырып тұрады. Қазақстандық оқушылар биыл бірінші рет жарыстың әлемдік кезеңіне жолдама алып отыр. Ол үшін НЗМ ФМБ оқушылары алдымен 25-27 ақпан аралығында SDU базасында өткен жарыстың бірінші кезеңінде жеңіп шықты. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 17 команда қатысқан еді. Бұл жарыста оқушылар осы роботтың қарапайым түрін жасаған. Осылайша, екі санатта: FTC (First Tech Challenge) және FLL (FIRST LEGO League) қатысып, 1 орын жеңіп, Think Award марапатына ие болған.

Енді 12 оқушыдан құралған қазақстандық команда Техас штатында 23 сәуірге дейін әлем елдерінің үздік деген топтарымен бақ сынасады. Марғұлан Тұрғанбектің сөзінше, бұл жарыстың мақсаты робототехника қауымдастығында ең мықты, белсенді, ақылды қатысушыны анықтау. Себебі онда тек робот жасау, оны бағдарламалау қабілеті бағаланбайды, оған қоса басқа командалармен коммуникация жасау, компаниялармен қарым-қатынас орнату, демеуші тарту қабілеті де қаралады. 

"Жарыс жеңімпаздарына марапат көп. Ең бастысы - робот үшін берілетіні. Тағы бірі - өзін барлық санатта жақсы көрсеткен, алайда бір жерінен әттеген-ай деген тұсы болған командаға беріледі. Одан бөлек дизайн, өнертапқыштық және басқалары үшін сыйлықтар бар. Ал басты жүлде АҚШ оқу орындарында оқуға грант немесе жеңілдіктер болуы мүмкін", - дейді қазақстандық команда мүшесі. 

FIRST Robotics бұл жарысты балаларды еңбекке баулу, жасөспірімдер арасындағы инженерияны дамыту үшін ұйымдастырып отырады. 

"Қазақстанда робототехника енді-енді дамып жатыр. Сондықтан біз әлемдік аренада өзімізді барынша жақсы көрсетуіміз керек. Біздің оқушылар бүкіл әлеммен сайыса алатынын көрсеткіміз келеді. Қазақстан алдыңғы орынды алып жатса елімізде робототехниканың даму қарқыны одан да арта түседі деп ойлаймын", - дейді ол. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети