Озон қабаты қалпына келе бастады

01 Шілде 2016, 09:50
0
Озон қабаты қалпына келе бастады - © ecos.org.ua
© ecos.org.ua

Экологтар Жердің озон қабатының қалыпқа келе бастағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Lenta.ru. Мұндай тұжырымды ғалымдар Антарктиданың үстіндегі үлкен озон ойығын бақылағаннан кейін жасапты.

2000 жылдан бері жүргізілген зерттеу мәліметінше, озонның ойығы барынша үлкейгенде, ол қайтадан айтарлықтай кішірейіпті. Ол 2015 жылы Кальбуко жанартауы атқыламаса бұдан да кіші болуы тиіс екендігі айтылады.

Жанартау атқылағанда стратосфераға көп көлемде шағын бөлшектерді шығарып, поляр бұлттарының көбейіп, үлкеюіне әкеп соққан. Бұл адамзат шығаратын хлормен әрекетке түседі. Ғалымдар бұл тұжырымды соңғы 15 жылда спутниктер мен әуе шарларындағы атмосфералық зондтар арқылы бақылау мәліметтерін жария ете отырып жасады. 

Экология жағдайының жақсаруына экологтар елдердің Монреаль хаттамасын сақтауы деп атады. Бұл хаттама 1987 жылы толтырылған. Оның мақсаты - төменгі хлорфторуглеродтардың атмосфераға шығатын көлемін азайту.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай