Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Павлодарлық оқушы Менделеев олимпиадасында күміс медаль иеленді

19 Мамыр 2014, 21:43
1
48-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасының химия пәніне арналған логотиві
48-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасының химия пәніне арналған логотиві

Павлодар облысының оқушысы 48-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасына қатысып, химия пәні бойынша күміс медаль иеленді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайтының тілшісі Облыстық білім беру басқармасының жетекшісі Бақыт Бексейітовқа сілтеме жасап. 

"Павлодар қазақ-түрік лицейінің 10-сынып оқушысы Әділ Қабылда олимпиадаға қатысып, екінші орын иеленген. "Бұл біздің оқушылар үшін - өте үлкен жеңіс. Біздің облыс көптен бері химия саласы бойынша осындай жетістікке қол жеткізе алмай келді. Сондықтан да, Әділ үшін риза болып отырмыз", - дейді Бексейітов. Жоғары сынып оқушысы Әділді олимпиадаға жас педагог Алмас Отарбаев дайындапты. Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған ұстаздың жасы бар болғаны 25-те ғана екен. 

48-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы Мәскеуде осы жылдың 11-18 мамыры аралығында өткен. Додаға 15 мемлекеттен 100-ден аса жоғары сынып оқушылары қатысқан. Олимпиада 3 турдан тұрды. Екі тур теориялық білімді сараласа, үшіншісі практикалық білікті сарапқа салған. Бұған дейін орыс және ағылшын тілдерінде өтіп келген додаға биыл араб тілі де қосылып отыр. Сондай-ақ, олимпиада жеңімпаздары мен арнайы сыйлыққа ие болғандар Ресейдің кез-келген Жоғары оқу орнына тегін оқуға және бірінші курсқа емтихансыз қабылдануға мүмкіндік алады. 

Олимпиаданың бас жүлдесін румыниялық М.А.Филип (Халықаралық Менделеев Олимпиадасы - 2013-те күміс жүлде алған) иеленді, сонымен қатар, жалпылама есепте румындық команда жеңімпаз болды. Естеріңізге сала кетейік, жеребе тастау кезінде 2014 жылғы олимпиада Киев қаласындағы Тарас Шевченко атындағы Киев ұлттық университетінде өтуі тиіс болып шешілген еді. Бірақ, Украинадағы қоғамдық-саяси жағдайларға байланысты жарыс Мәскеу мемлекеттік университетінде өткізілді. 

 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай