09 тамыз 2018 15:32

Персей "жұлдызды жауынын" алматылықтар қайдан тамашалай алады?

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

2018 жылы 13 тамызға қараған түні Персей шоқжұлдызынан метеор құлауы күтіледі. Алматылықтар жұлдызды жауынды қайдан тамашалай алатынын "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" АҚ  президенті кеңесшісі Александр Губерт Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді. 

"Жұлдыз ағуын жай көзбен, қала сыртында, аспан қала шамдарынан алыс орналасқан жерде көруге болады. Бұл үшін ешқандай құрал керек емес. Көз алдыңда аспан көлемі үлкен болуы тиіс, себебі жұлдыз қай жерден ағатыны белгісіз. 

Негізі әуесқойлар Қапшағай жаққа жол тартады, себебі ол жердің көрінісі үлкен. Ал тауға барсаңыз, аспан жақсы болғанымен, көкжиек таулармен жабылып қалады, бұл жұлдызды көру мүмкіндігін азайтады", - деді Губерт. 

Оның айтуынша, бұл қуатты жұлдыз ағуы болады деп айту қиын. 

"Болжам бойынша, сағатына он шақты метеор күтіледі. Метеор дегеніміз бұзылған кометаның қалдықтары, оның қаншасының Жер орбитасынан өтетінін айту мүмкін емес. 

Жыл сайын тамызда Персей шоқжұлдызынан метеор ағады. 

РИА Новости ақпараттық порталының хабарлауынша, 11 тамызда максимал фазасы 0,74 күн тұтылуы болады. 12-нен 13 тамызға қараған түні ең әдемі жұлдыз ағуы күтіледі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети