Қазақ хандығының ортағасырлық картасы Ватиканнан табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ хандығының ортағасырлық картасы Ватиканнан табылды ©Almaty.kz

Қазақ хандығының XVI ғасырдағы картасы Ватиканнан табылды. Бұл туралы "Алматы" телеарнасына профессор, елордадағы Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ хандығының XVI ғасырдағы картасы Ватиканнан табылды. Бұл туралы "Алматы" телеарнасына профессор, елордадағы Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған хабарлады.

"Қазақ хандығы туралы мәліметтерді ашып, кең және жан-жақты зерттеуге уақыт келді. Бүгінде әлемде жақында табылған жаңа мәліметтер талқыланып жатыр. Олар кең зерттелмеген. Сонымен қатар, қазақстандық ғалымдар Ресей, Қытай, Иран, Франция және АҚШ ғалымдарымен бірге қазақтың мемлекеттігіне қатысты жаңа тарихи деректерді ашып жатыр. Міне, таяуда Ватиканда Қазақ хандығының XVI ғасырдағы тарихы табылды", - деді ғалым.

Телеарнаның хабарлауынша, үкіметтің Қазақ хандығының 550 жылдығы атап өтілетін жылғы қаулысының аясында қазақтың мемлекеттігіне қатысты түрлі зерттеулер жасауға бастама көтерілді және "Қазақ хандығының құрылу тарихы", "Қазақ хандары" кітаптары басылып шықты.  

Еске салайық, биыл Қазақстанда Қазақ хандығының 550 жылдығы атап өтіліп жатыр. Негізгі іс-шаралар осы жылдың қыркүйегінде хандықтың негізі құрылған деп саналатын Тараз қаласында болады. Бұл мерейтойды атап өту идеясын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың қазан айында айтқан болатын.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети