25 маусым 2019 09:58

"Союз МС-11" ғарышкерлері Қазақстанға қонды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Союз МС-11" басқарылатын ғарыш кемесінің жерге қону аппараты Қазақстанға түсті, - деп хабарлайды РИА Новости


"Союз МС-11" басқарылатын ғарыш кемесінің жерге қону аппараты Қазақстанға түсті, - деп хабарлайды РИА Новости

"Союз МС-11" кемесінде ресейлік Олег Кононенко, канадалық Давид Сен-Жак пен америкалық Энн Макклейн болды. Олар Халықаралық ғарыш станциясында 7 ай болып, Жерге оралды. 

Ғарышкерлер жердің гравитациясына үйренуі үшін арнайы креслода отырып, кейін скафандрды шешу үшін медициналық палатаға барды. 

Бұған дейін "Союз МС-11" "Поиск" модулінен кеткені хабарланған болатын. Станцияда ресейлік Алексей Овчинин мен америкалық ғарышкерлер Ник Хейг және Кристина Кук қалды. 

Кононенко, Сен-Жак пен Макклейн ХҒС-ке 2018 жылдың желтоқсанында ұшып келген еді. Олардың ұшуы барысында станцияда Crew Dragon, "Прогресс МС-11" жүк кемесі, Cygnus және Dragon басқарылмайтын кемелер болған. Осы сапар барысында олар станция сыртына бес рет шықты - екеуі ресейлік, үшеуі америкалық бағдарлама бойынша. ХҒС бортынан манипулятор арқылы кіші спутниктер ұшырылды, ал "Прогресс" жүк кемесінің қозғалтқыштарын қолдану арқылы станция орбитасы көтерілді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети