17 сәуір 2021 | 10:21

SpaceX ғарышкерлерді Айға жеткізетін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Илон Масктың SpaceX компаниясы NASA-ның ғарышкерлерді Айға жеткізу бойынша келісімшартын жеңіп алды. Бұл туралы АҚШ ғарыш агенттігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 


Илон Масктың SpaceX компаниясы NASA-ның ғарышкерлерді Айға жеткізу бойынша келісімшартын жеңіп алды. Бұл туралы АҚШ ғарыш агенттігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

"Бұл айға оралу жолындағы тағы бір керемет қадам", - деді NASA басқарылатын ұшу бағдарламасының жетекшісі Кэти Лудерс.

Конкурстың ақтық кезеңінде Джефф Безостың Lockheed Martin, Northrop Grumman және Draper, сондай-ақ Dynetics компанияларымен күш біріктірген Blue Origin компаниясы да қатысты.

NASA-мен келісімшарт бойынша ең жаңа Crew Dragon кемесімен ХҒС-ға рейстер жасайтын SpaceX компаниясы қазір Жер орбитасынан тыс жерлерге ұшу үшін басқарылатын Starship кемесін жасап жатыр. Кемені бірнеше рет қолдануға мүмкіндік болады. 

АҚШ-тың алдыңғы әкімшілігі NASA-ға 2024 жылы Айға адам ұшыру міндетін қойды. Бұл бағдарламаға "Артемида" деген атау берілді. Оны Джо Байден әкімшілігі де қолдап отыр, алайда NASA ғарышкерлерінің айға оралу мерзімі әлі анықталған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети