07 сәуір 2017 19:34

Таразда Балалар университеті ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында Балалар университеті ашылды. "Kids University" жобасы мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуды, заманауи технологияларды меңгертуді және оны өмірде қолдана білуге дағдыландыруды көздейді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ТарМПИ ақпараттық-имидждік қызметінің жетекшісі Жандар Асан хабарлайды.


Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында Балалар университеті ашылды. "Kids University" жобасы мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуды, заманауи технологияларды меңгертуді және оны өмірде қолдана білуге дағдыландыруды көздейді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ТарМПИ ақпараттық-имидждік қызметінің жетекшісі Жандар Асан хабарлайды.

Оқу орнының 50 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған шара 8 бағыт бойынша жүргізіледі. Алғашқы кезең бойынша институт ғалымдары Жамбыл облысы мен Тараз қаласындағы мектеп оқушыларын химия, биология, физика және робототехника салалары бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының қыр-сырымен таныстырып, инновациялық ойларын ортаға салды.

Кешенді тәжірибе жүргізуге педагогикалық институттың базасында толық жағдай жасалған. Оқу орнында студенттер мен мектеп оқушыларының робототехника бойынша ғылыми-техникалық шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында "Электротехника", "Радиотехника", "Электроника негіздері" және "Мектептегі робототехника" оқу-зертханалары жұмыс істейді. Дәрісханалар Lego, Tetrix, Аrduino роботтарымен, заманауи құрылғылармен, оқу-әдістемелік және бағдарламалық  нұсқаулықтармен  жабдықталған. Сонымен қатар, Физика-математика факультетінің Жамбыл облысындағы орта және арнайы мектептеріндегі информатика пәні мұғалімдерінің робототехника, электроника негіздері мен радиотехника пәндері бойынша біліктілігін көтеруге арналған материалдық және ресурстық базалары бар.

Институтта тәжірибеден өткен озық ойлы оқушылардың ғылыми жобалары орталықта топтастырылады. Еңбектерді өндіріске енгізу ісі де жан-жақты қарастырылады.

Ал жобаның өнер, мәдениет және спорт бағыты бойынша ТарМПИ ұстаздары жеткіншектерге "Дизайн", "Бейнелеу өнері", "Спорттық жаттығулар", "Сурет және сызу",  "Хореография", "Алғашқы әскери дайындық" және "Музыкалық аспаптарды үйрену" секциялары бойынша шеберлік сыныптарын өткізіп, аталған мамандықтардың қыр-сырымен таныстырды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети