12 сәуір 2022 15:24

"Трагедия жасауға болмайды". ҰБТ-дан аз балл алған балаға қалай көмектесу керек?

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

1-30 маусым аралығында республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантының конкурсына қатысу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу өтеді. Қазақстандық психолог Анаргүл Маулиқызының сөзінше, ҰБТ маңызын ең алдымен, ата-ана түсінуі керек. Ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ҰБТ-ға ата-ананың қалай дайындалуы керегін айтып берді.


1-30 маусым аралығында республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантының конкурсына қатысу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу өтеді. Қазақстандық психолог Анаргүл Маулиқызының сөзінше, ҰБТ маңызын ең алдымен, ата-ана түсінуі керек. Ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ҰБТ-ға ата-ананың қалай дайындалуы керегін айтып берді.

ҰБТ: биыл қандай өзгерістер мен жаңашылдықтар бар?

Анаргүлдің сөзінше, Ұлттық бірыңғай тестілеу ерекше психологиялық дайындықты қажет етеді.

"ҰБТ - бұл әр оқушы өмірінде ең маңызды орын алатын сынақтардың бірі. Емтиханнан қашуға болмайды. Сондықтан оқушылар емтиханға тек білім жағынан емес, психологиялық тұрғыдан да дайындалуы керек. Оқушы ҰБТ-дан кейін оны не күтіп тұрғанын жақсы білуі маңызды. Бұл ретте ата-ана ерекше роль атқарады", - дейді ол.

Психолог, ең алдымен, аутотренинг туралы айтып, оның маңызын түсіндірді.

"Аутогендік жаттығуларға ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл - адам ағзасының гомеостатикалық механизмдерінің динамикалық тепе-теңдігін қалпына келтіруге бағытталған психотерапиялық әдіс. Яғни, адам өзінің түпсанасын бағдарламалауға тырысады. Мәселен, ҰБТ тапсыратын оқушы өзіне қажет ұпайды жинайтынына, өзі қалаған оқу орнына түсетініне сенімді болуы керек. Тым құрығанда, өзін осыған сендірген дұрыс, өйткені аутотренинг дегеніміз осылай жұмыс жасайды", - дейді ол.

Анаргүл Маулиқызы оқушының психологиялық қысымнан арылуы үшін не істеу керегін түсіндірді. 

"Психологтардың зерттеулеріне сүйенсек, емтиханға таңғы сағат 06:00 мен 08:00 аралығында дайындалған жөн, себебі осы кезде ақпарат жақсы есте сақталады, сонымен қатар, жауап беру және жазу қабілеті де күшейеді. Ішкі қобалжуды төмендететін және денені шынықтыратын жаттығуларға ерте бастан үйренуге кеңес беремін. Қарапайым тыныс алу жаттығулары арқылы көптеген психологиялық қысымнан арылуға болады. Одан кейін ҰБТ-ның жалпы көрінісін үнемі есте сақтап, алдын ала дайындау керек. Сондай-ақ, құрамында дәрумені көп тағам пен шоколадты көп жеу керек, бұл мидың ақпаратты қабылдау жылдамдығынын арттырады", - деді маман. 

Оның айтуынша, кез келген ата-ана баласының емтиханды қалай тапсыратынына тікелей жауапты. 

"Ашығын айтқанда, көп жағдайда оқушының емтиханды тапсыруы ата-ананың өзіне де байланысты. "Сен ҰБТ-ны жақсы тапсырасың", "Сенің қолыңнан келеді" деп қолдау білдіріп, психологиялық сатылы жоспар құруға болады. Кейде, тіпті, арнайы курстарға қатысу керек", - деді Анаргүл.  

Сонымен қатар, психолог ата-аналарға баласы ҰБТ-дан қажет балл жинай алмаған жағдайдағы нұсқаулықты бөлісті.

"Егер оқушы емтиханнан қажет балл жинай алмаса, ең алдымен, бұл жағдайды қабылдау керек. Трагедия жасауға болмайды. Ең тиімді тәсіл - жоспарды өзгерту, яғни кез келген ата-ана өзінің баласына ҰБТ-дан кейін не болатынын жақсы түсіндіру керек. Ол үшін, әрине, жоспарды өзгерту керек болады. Қазір ҰБТ тапсыру үшін бірнеше мүмкіндік қарастырылған, соны жібермей, баланың мүмкіндігі көп екенін жеткізу керек. Ол сынақтардан да аз ұпай жиналса, колледж немесе талаптары минималды оқу орындарын қарастыруға болады. Сонымен қатар, қысқа мерзімді курстарды оқытып, белгілі бір мамандықты меңгеріп алғандар аз емес. Ең бастысы, балаға мүмкіндіктің көп екенін, әр жағдайдың пайдалы тұсын көрсету маңызды", - деді Анаргүл Маулиқызы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети