Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

ҰБТ-2016: Үшінші ағымның қорытындысы бойынша 11 түлек 125 балл жинады

06 Маусым 2016, 09:29
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі 2016 жылғы 2-4 маусымда ҰБТ өткізу туралы ақпаратты жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 2 және 4 маусым күндері өткізілген тестілеуге 58343 бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде - 42 186, орыс тілінде - 16 157 бітіруші.  

Тестілеудің үш күнінде мүмкін болған 125 балды 11 бітіруші жинады:

- Маткалиева Динара Маратқызы, "Ш.Уалиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия" (Алматы қ.);

- Меирханова Аружан Ерланқызы, "Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия" (Алматы қ.);

- Оспанова Рамзия Рамазановна, "Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия" (Алматы қ.);

- Мухаметкали Еркежан Досенқызы, "№175 гимназия "Жаңа ғасыр" (Алматы қ.);

- Махамбетов Қалдыбек Ибрагимұлы, "№169 мектеп-лицей" (Алматы қ.);

- Беркинова Акнур Нурболовна, "Қаратөбе мектеп-гимназиясы" (Батыс Қазақстан облысы);

- Болат Кәмшат Болатқызы, "№17 Семей жалпы орта білім беру мектебі" (Семей қ.);

- Ержанов Нұрасыл Ержанұлы, "№72 мектеп-лицей" (Астана қ.);

- Исмаилова Дана Суюндыковна, "Қашыр ауданының Тереңкөл а. Х.Оспанов атындағы №3 ЖОББМ" (Павлодар обл.);

- Маратова Ақерке Маратқызы, "Абай атындағы орта жалпы білім беру мектебі" (Шығыс Қазақстан облысы);

 - Усин Адиль Куатович, "Қызылқақ ЖОББМ" (Павлодар обл.).

"Тестілеудің үш күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзғандары үшін 31 бітіруші тестілеуден шығарылды, оның ішінде: ұялы байланыс телефондарын пайдалану - 13 бітіруші; емтихан материалдарын бүлдіру - 1 бітіруші; сұрақ кітапшаларды сыртқа шығару мақсатында оның ішіндегі ішкі беттерін ауыстыру - 17 бітіруші", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, тестілеу нәтижесімен келіспеген бітірушілердің келесі күні сағат 14:00-ге дейін әрбір пунктте құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануға құқығы болады. Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша да, техникалық себептер бойынша да қабылданады. Апелляцияға өтінішті беру барысында бітірушінің әрбір тест тапсырмасы бойынша тестілеу нәтижелерімен келіспейтін негіздемесімен беру керек.

Тестілеудің екі күнінде Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына барлығы 279 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 60 тест тапсырмасы қанағаттандырылды, яғни жалпы қолданған тест тапсырмаларының 0,5 пайызын құрайды. Негізінде бұл апелляциялар қазақ тілінен, математика және Қазақстан тарихы пәндерінен болған.

Министрліктегілер келіп түскен өтініштерді қанағаттандырудың негізгі себебі деп әртүрлі авторлардың оқулықтарындағы оқылудың айырмашылығы мен техникалық себептер, оның ішінде баспалық қателерді атап отыр.

Сонымен қатар, шектік деңгейден өте алмаған бітірушілер ағымдағы жылы қайта кешенді тестілеу тапсыру арқылы жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсуге құқылы. Қайта кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында тамыз айының 1-8 күндері аралығында қабылданады, ал тестілеу тамыз айының 19-24 күндері аралығында өткізіледі.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай