01 шілде 2019 11:54

ҰБТ кезінде оқушылардан 90 мың телефон алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде оқушылардан 90 мыңнан аса телефон мен 28 мың калькулятор табылып, уақытша тәркіленген. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры қызметін атқарушы Дидар Смағұлов Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"ҰБТ кезінде 90 375 ұялы телефон, 28 344 калькулятор және 1 867 шпаргалка тәркіленді. Құрметті ата-аналар мен мұғалімдер, жүйені алдау қабілеттілігі үшін емес, балаларды адал бәсекелестік пен білім көрсеткішін таза көрсететіндей деңгейде дайындау керек. Бұл жақсылыққа апармайды", - деп жазды Дидар Смағұлов.

Ұлттық бірыңғай тестілеу Қазақстанда 20-30 маусым аралығында өтті. Биыл 117 242 адам ҰБТ тапсырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети