03 қараша 2014 17:46

USB-порты бар электронды бесік саудаға шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фотоны өнертабыс авторы ұсынды Фотоны өнертабыс авторы ұсынды

Қазақстанда сәбиді бөлеп қана қоймай, оған әлди әнін айтып та беретін электронды бесік саудаға шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Инновациялық бесік жөнінде өнертапқыш Серікжан Шаймардан айтып берді.


Қазақстанда сәбиді бөлеп қана қоймай, оған әлди әнін айтып та беретін электронды бесік саудаға шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Инновациялық бесік жөнінде өнертапқыш Серікжан Шаймардан айтып берді.

Құрылғы батареялармен немесе электр тогымен жұмыс істейді. Бесікті пульттың көмегімен басқаруға болады. Ол сәбидің жылаған дауысын "бірден сезеді" де, тербеле бастайды - ата-ана бес режимнің ішінен тербелу жиілігін өзі таңдай алады. Қазақстандықтың өнертабысы USB-портпен жабдықталған, ата-ана оған өз талғамы бойынша әуендерді енгізе алады. Құрылғының жадына қазақтың халық күйлері мен Жамбыл Жабаевтың шығармалары о бастан енгізіліп қойған. 

Бесікте баланың жағдайына әрекет ету жүйесі де бар. Егер баланың асты ылғалданса, бесік ата-анаға дабыл қағады. Мұнда қысқа тұйықталудан сақтайтын тетіктер де орнатылған. Бесікке сүт пен басқа да қорегі бар контейнерді жалғауға болады, электроника берілген температураны өзгертпей ұстап тұрады. Шаймардан электронды бесіктің алғашқы прототипін жасаған уақытынан бері екі жыл ішінде оны айтарлықтай жетілдірген. Атап айтқанда, дизайнын өзгертті. Өнертапқыштың айтуынша, қазақстандықтар ерекше бесікті белсенді түрде сатып алып жатыр. Оның құны 30 мың теңгеден жоғары.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети