31 мамыр 2021 09:55

Вакцина әйелдер мен ерлерге бірдей әсер ете ме? Ғалымдар зерттеу жүргізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцинаның әсері адамның жынысына қарай әр түрлі болады деген болжам жасап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Business Insider сайтына сілтеме жасап.


Ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцинаның әсері адамның жынысына қарай әр түрлі болады деген болжам жасап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Business Insider сайтына сілтеме жасап.

Pfizer вакцинасының тиімділігі ерлерде 96,4 пайыз, ал әйелдерде 93,7 пайыз екені белгілі болды. Ал Moderna ерлерде 95,4 пайыз, әйелдерде 93,1 пайыз тиімді. Johnson & Johnson препараты да ерлерде 68,8 пайызға және әйелдерде 63,4 пайызға тиімділігін көрсеткен.

Сарапшылар вакцинацияға байланысты тағы бірнеше болжам жасаған. Мысалы, әйелдер аурудың белгілері туралы жиі хабарлауға және COVID-ке тест тапсыруға бейім екен.

Джонс Хопкинстің Әйелдер денсаулығы, жыныстық қатынас және гендерлік зерттеулер орталығының қызметкері Сабра Клейннің айтуынша, ерлер мен әйелдер арасындағы биологиялық айырмашылық пен вакцинаның оларға әсерін зерттеуге лайықты мән берілмей отыр.

Әдетте әйелдерде ерлерге қарағанда вакциналарға иммундық реакция күштірек болады. Бұл мықты қорғанысқа әкеледі. Ғалымдар бұл жерде эстрогеннің жоғары деңгейі маңызды рөл атқарады деп санайды, өйткені эстроген иммундық жүйенің қалыптасуына себеп болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети