Тәуелсіз зерттеуші Рекс Банн және Жаңа Зеландияның Ұлттық кітапханасының қызметкері Саша Холден әлемнің сегізінші кереметі орналасқан жерді тапқанын мәлімдеді. Бұл туралы мақала Journal of the Royal Society of New Zealand журналында жарияланды. Ал National Geographic бұл туралы қысқаша түсіндірме жасады, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Зерттеушліер Қызғылт және Ақ террасалардың - Отукапуарангидің орналасқан жерін анықтамақ болған. Бұл үшін авторлар 1859 жылы жазылған Фердинанд фон Хоштеттердің күнделігін зерттеп, Отукапуарангидің жойылуына әкеп соққан 1986 жылғы оқиғаларды қайта жандандыруға тырысты.
Нәтижесінде Банн және Холден Отукапуаранги қазіргі Солтүстік аралындағы (North Island) Ротомахана көлінің қазіргі деңгейінен 9-15 метр төмен болған деген тоқтамға келді.
Мұның алдында мамандар әлемнің сегізінші кереметі Ротомахана көлінің тұңғиығында жатыр деп пайымдаған.
Әлемнің сегізінші кереметі 1986 жылғы жанартаудың атқылауы салдарынан жойылған болатын.