06 қыркүйек 2018 09:41

Comedy Club комигі Сардинияда қазақстандық әйелдердің көңілін қалай аулағанын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет Көрнекі сурет

Comedy Club комигі, ТНТ телеарнасындағы Stand Up шоуының жүргізушісі Руслан Белый Юрий Дудьке берген сұхбатында басынан кешкен қызық оқиғасын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Comedy Club комигі, ТНТ телеарнасындағы Stand Up шоуының жүргізушісі Руслан Белый Юрий Дудьке берген сұхбатында басынан кешкен қызық оқиғасын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Комиктің айтуынша, бұл оқиға бірнеше жыл бұрын Сардинияда болған.

"Comedy Club музыканттарымен бірге төрт палубалы кемеде өнер көрсеттік. Бізді онда моторлы қайықпен жеткізіп, "Аяқкиімдеріңді шешіңдер!" деп айтты. Еден жабыны өте қымбат болған екен. Қазақстандық төрт әйел болды. Жасы келген әйелдер. Көңіл көтеретін іс-шарамыз жоғарғы палубада болуы тиіс еді. Сонда мен бір стенд-ап түсіріп, музыканттар ән айтуы керек болатын. Сардиния, Жерорта теңізі, күн батып жатқан кез...", - деп еске алды Руслан Белый.

Бірақ іс-шарамыз басталмай, ұзап кетті, содан әртістердің мазасы кете бастады.

"Ұйымдастырушыдан "Не болып жатыр?" деп сұрадық. Сөйтсек, осы кешті өткізбек болған әйелдер жылап жатыр екен. Қатты таңғалдық. Неге жылап жатыр деп ойладық, мұнда туған күн өткізу үшін келдік қой", - дейді Белый.

"Әйелдер отырып, кешкі ас іше бастаған. Ішімдік ішкен болуы керек, көңілдері босап кеткен шығар. Күйеулері болса Лондонда жүр... Екі сағат өткен соң олар жоғарыға көтеріліп, әзілдер айтып, көңіл көтеріп, кейіннен билей бастады...", - дейді комик.

Қазақстандық әйелдер жайлы айтқан сәтті 21:10 минутан бастап көріңіз:

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети