Ninety One тобы туралы фильмнің авторлары түсірілім кезіндегі қиындықтар жайлы айтып берді

15 Сәуір 2017, 15:11
1
Ninety One тобы туралы фильмнің авторлары түсірілім кезіндегі қиындықтар жайлы айтып берді -

Алматыда танымал атышулы Ninety One тобы жайлы фильмнің түсірілімдері өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Айта кетейік, картина продюсері - актриса әрі әнші Әсел Сәдуақасова. Ал фильм режиссері - Асқар Ұзабаев. Ол "Гламур для дур", "Осторожно, корова!" және "Ғашық жүрек" фильмдерімен танымал.

"Мен жігіттердің шығармашылығын байқап жүрдім. Олардың өлеңдері мен топтың басқалардан өзгеше екендігі ұнайды. Олардың хэйтерлері пайда болғанда және олардың концерттеріне тыйым салына бастағанда мен бұдан кино түсіруге болатынын ойлап, Ерболат Беделхан мен Әсел Сәдуақасоваға фильм түсіруге ұсыныс жасадым. Ерболат болса, олардың тым жас екенін және олар фильм түсіретіндей ештеңе істмегендерін айтты. Бірақ мен оларды көндірдім. Оларға "топты басқа жағынан, адамдар білмейтін жағынан көрсетейікү Көрермен үшін топтың хэйтерлері пайда болған кезде қандай жағдай болғанын көру өте қызық болады" деп айттым", - дейді режиссер.

Айта кетейік, түсірілім 8 сәуірде Алматыда басталды. Қазіргі уақытта материалдың жартысы дайын, ал түсірілімдер аяқталған соң тағы 15 күндей керек. Картина құрастырушыларының айтуынша, фильм автобиограиялық және кинотеатрларда биыл күзде көрсетіле бастайды. Асқар Ұзабаевтың айтуынша, түсірілім кезінде жағымсыз сәттер де болған.

"Адамдар біздің Ninety One туралы фильм түсіріп жатқанымызды және осыған байлнаысты қандай да бір нысандармен келісейін деп жатқанымызды естіген кезде олар бізден бас тартады. Ешқандай да түсінік бермей, "Жоқ, біз жай қаламаймыз" деп жауап береді. Содан менде "Неге?" деген сұрақ туындайды. Бірақ біз сонда да алға жылжып, фильмді әрі қарай түсіріп жатырмыз", - дейді режиссер.

Топтың продюсері Ерболат Беделханның айтуынша, бұл фильмді ол Q-pop музыкалық бағытын насихаттау үшін түсіруді шешкен.  "Бұл біз үшін өте маңызды, себебі біз тек өзіміздің музыкамызды емес, сондай-ақ, 100 пайызға қазақстандық бренд болған Q-pop бағытын насихаттаймыз. Бұл фильм осы бағытты насихаттау үшін өте қажет. Сонымен қатар, бейнебаяндарды да түсіру керек және радиодан осы бағыттағы өлеңдерді қойып отыру керек. Қазақ тіліндегі контент көп болуы керек. Сонда ғана біз өз елімізді өзіміздің музыкамызбен қамтамасыз ете аламыз. Шетелдік өнімді алып тыңдағанша өзіміздің қазақстандық өнімдерді пайдаланған жөн. Қазір біз тобымызбен бұрынғыдай жұмыс істеп жатырмыз. Тыным таппай жұмыс істеп, Q-pop бағытын насихаттауға тырысып жатырмыз. Биыл міндетті түрде comeback болады", - деді Беделхан.

Айта кетейік, қазақстандық топ 2015 жылы құрылған. Олар тек Қазақстанда емес, сондай-ақ, елімізден шет жерлерде де танымал. "Айыптама" деп аталатын бірінші әні 2015 жылдың қыркүйегінде жарық көрді. Бұл топ Қазақстанда корейлік поптың негізін қалаушылар болып саналады. Олардың арқасында елімізде жаңа Q-pop (Qazaq pop) форматы пайда болды. Қазіргі уақытта топта Азамат Зенкаев, Батырхан Маликов, Азамат Ашмақын, Дулат Мұхаметқалиев және Данияр Кұлымшин өнер көрсетіп жүр.


Ninety One тобының солистері

Танымалдылықтан басқа музыканттарға қатысты көптеген шу шығып, тіпті олардың хэйтерлері пайда болды. Қазақстандық шоу-бизнестегі танымал әншілер топтың жанрына, стиліне және бағытына қарсылық танытқан еді. Ал былтыр күзде топтың Шымкенттегі, Ақтөбедегі, Қарағандыдағы, Жезқазғандағы, Көкшетаудағы және Қызылордадағы концерттері, сондай-ақ, биыл қаңтар айында Өскеменде өтуі тиіс концерттері болмай қалды.

2016 жылдың қыркүйегінде қазақстандық бойз-бэндтың "Қайтадан" әні TMB телеарнасының түрік чартында 1-орын алған болатын. Айта кетейік, TMB (Turkish Music Box) - шығыс музыкасының жаңа хиттерін тарататын телеарна. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай