14 мамыр 2015 | 15:32

"Адем" тобы "Украина мае талант" шоуының финалында жұртшылықты таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Адем" тобы. Шоудың ресми сайтынан "Адем" тобы. Шоудың ресми сайтынан

Қазақстан мен Қырғызстанның бишілерінен құралған "Адем" тобы "Украина мае талант" шоуының қазылар алқасын таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Қырғызстанның бишілерінен құралған "Адем" тобы "Украина мае талант" шоуының қазылар алқасын таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атай Өмірзақовтың жетекшілігіндегі жас жігіттер шоудың финалында таңғажайып элементтер көрсетті. Топтың құрамында қырғызстандық Ақыл Жолдасов, Баяман Өмірбекұлы, Ерлан Әбдірахманов пен қазақстандық Кирилл Генералюк бар.

Атай Өмірзақов қостанайлық Кирилмен 2014 жылдың қарашасында интернет арқылы ұйымдастырылған кастингте танысты. Кирилдің биін көрген Атай оны бірден топтың құрамына шақырған. Топтың құрамындағылардың би саласында кемінде төрт жыл тәжірибесі бар. Бұл олардың осы құраммен үлкен сахнаға алғаш шығуы.

Топ мүшелері мұндай деңгейге жету үшін күні-түні дайындалғандарын, сонымен қатар, дұрыс тамақтануға көп көңіл бөлетіндерін айтты. "Өсімдік өнімдерімен тамақтанған кезде денеңдегі артық тұздар шығып, денеңнің майысуы оңайлайды. Баяман қарны бос болуы үшін финалдың алдында мүлде ештеңе жеген жоқ", - деді Кирилл Генералюк.

Владислав Яма, Слава Фролова және Игорь Кондратюктан тұратын қазылар алқасы "Адем" тобын шоудың жеңімпазы болуға лайық деді. Айта кетейік, жеңімпаз көрермендердің берген дауысы арқылы анықталады. Дауыс беру айдың соңына дейін жалғасады. "Мен қимылдарды жіберіп алмас үшін қозғалмай қарадым. Сіздердің әр қимылдарыңыз ерекшеленіп тұрады, бұл таңғажайып нәрсе", - деді Владислав Яма.

Еске сала кетейік, осыған дейін топтың жартылай финалда көрсеткен өнері туралы хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети