Айқын көп әйел алу, құмар ойындар және бала тәрбиесі жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айқын көп әйел алу, құмар ойындар және бала тәрбиесі жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

Айқын Төлепберген Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасында ашық сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айқын Төлепберген Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасында ашық сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық әнші сұхбатында коммерциялық музыка, плагиат пен фонограммаға қатысты ойын ортаға салды. Сондай-ақ, оның жаңа әнінің сөзін Қайрат Нұртас жазғанын да айтты.

Бұдан бөлек әнші алкогольге, марихуанаға және спортта ұтыс тігуге қатысты пікірін білдірді. Айқынның айтуынша, ол футболдан әлем чемпионаты кезінде шамамен миллион теңгесінен ұтылып қалғанын мойындады.

Сонымен қатар, әнші жеке басындағы дау-дамай мен екі отбасыны қалай асырап жүргені туралы әңгімелеп берді. Айқын Төлепберген бүкіл қазақстандықтарға үй алып бергісі келетінін жасырмады.

Сұхбат барысында Айқынның қандай брендтерді ұнататыны, ол үшін статустың қаншалықты маңызды екені және ұлтаралық некелерге қатысты ойы айтылды.

Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасында "The Эфир" жобасында Нобель сыйлығын жеңіп алған үш әйелдің бірі Тавакул Карман, Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова, Арменияның бірінші ханымы Нунэ Саркисян, білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қонақ болған еді.

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети