Көңілді тапқырлар клубының бұрынғы ойыншысы Дәурен Айдарқұлов "КешYOU" тобының экс-солисі Ақбота-Нұр Сейтмағамбеттің ұл сыйлағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айдарқұлов бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
Көңілді тапқырлар клубының бұрынғы ойыншысы Дәурен Айдарқұлов "КешYOU" тобының экс-солисі Ақбота-Нұр Сейтмағамбеттің ұл сыйлағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айдарқұлов бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
"Құдайға шүкір! @akbotanurabaykyzy маған ұл сыйлады. Әлхамдулиллах P.S. Біздің отбасымызды қолдағандардың барлығына рақмет!", - деп жазды актер әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске сала кетейік, кеше, 1 маусымда Ақбота-Нұр Сейтмағамбеттің ұл босанғаны хабарланған болатын.
Айта кетейік, осыған дейін Дәурен Айдарқұлов "КешYou" тобының экс-солисі, әнші Ақбота-Нұр Сейтмағамбетпен түскен суретін жариялаған еді. Оның Instagram желісінде жариялаған екі суретіне "Бәрі Алланың қалауымен" деп сипаттама жазылған. Ал суретке қатысты пікір жазған қолданушылар екі жастың бас қосқанын болжап отыр. Суреттен әншінің жүкті екенін байқауға болады.
Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-Нұр Сейтмағамбет. © instagram.com/daurenaidarkulov
Ал былтыр желтоқсан айынан бастап Ақбота мен Дәуреннің "көңіл қосқаны" жайлы қауесеттер тарай бастаған. Актриса үшін 34 жастағы Айдарқұлов үш баласы мен әйелін тастап кетті дегендер болды. Алайда осы тақырып қызған шағында актриса ешкімнің де отбасын бұзбағанын және Дәуренмен ешқандай да қарым-қатынасының жоқ екенін мәлімдеген.
Сондай-ақ, осыған дейін актер Дәурен Айдарқұловтың әйелі "Ақбота Сейітмағанбет күйеуімді тартып алды" деп мәлімдеме жасаған болатын. Әнші Ақбота "Гламур для дур" атты комедияда басты рөлде ойнаған еді. Осы картинаға Айдарқұлов та түскен. Әртістер осы киноға түсу барысында танысқан екен. Сондай-ақ, Ақбота Сейтмағамбет тұрмысқа шығуына байланысты "КешYou" тобынан кеткен еді.