19 маусым 2014 20:18

Анжелика Агурбаш қазақстандық күйеу жігіті туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анжелика Агурбаш пен Анатолий Побияхо. ©Starface Анжелика Агурбаш пен Анатолий Побияхо. ©Starface

Ресейлік әнші Анжелика Агурбаш қазақстандық күйеу жігіті Анатолий Побияхомен арасындағы қарым-қатынасы туралы айтты. "Анжелика Агурбаш күйеуге шығады екен" деген хабар осыдан 1,5 жыл бұрын айтылған болатын, - деп мәлімдейді Tengrinews.kz "Татар-информ" порталына сілтеме жасап.


Ресейлік әнші Анжелика Агурбаш қазақстандық күйеу жігіті Анатолий Побияхомен арасындағы қарым-қатынасы туралы айтты. "Анжелика Агурбаш күйеуге шығады екен" деген хабар осыдан 1,5 жыл бұрын айтылған болатын, - деп мәлімдейді Tengrinews.kz "Татар-информ" порталына сілтеме жасап.

Әнші өзіне сай адамды тапқаны және онымен бұрынырақ кездеспегеніне өкінетіні жайлы журналистермен сыр бөліскен. Сондай-ақ, Анжелика Агурбаш Побияхоның олигарх емес екенін айтты.

"Біз ара қатынасымызды жоғары деңгейге көтеріп жатырмыз. Бірақ ол олигарх емес. Неге екенін қайдам, менің қасымда біреу пайда болса, ол олигарх болуы тиіс. Ол жас, бойдақ жігіт. Төрт жылдан бері ол ешкіммен ресми некеге тұрмаған. Бірақ ол кедей де емес. Өз елінде сыйлы жас кәсіпкер. Ол - ресторатор. Біз арадағы қарым-қатынасқа сақтықпен, құрметпен қараймыз. Ол менің өмірімде болған жағдайға төзімділікпен қарады. Ол менің жай ғана әйелі болып қана қоймай, қасында сенімді, жарқын тұлға болып жүруімді қалайды" - дейді Анжелика Агурбаш.

Естеріңізге сала кетсек, Побияхо әншімен Алматыда "Муз-ТВ"-ның 15 жылдығына арналған шара кезінде танысқан. Анжелика 40 жаста, ал Побияхо одан бір жас кіші. Ол Line Group холдингінің негізін қалаушы. Холдинг құрамына әлемдік кластағы Villeroy & Boch сантехника дүкендері, Ligne Roset авторлық дизайн жиһазы дүкендері кіреді. Ол "унитаз королі" деген атақ алып үлгерген. Анатолийдің Америкада тұратын бұрынғы әйелі мен 15 жасар ұлы бар.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети