Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Әнші Карина Абдуллина тұңғыш рет ана атанды

12 Мамыр 2015, 18:17
2
Карина Абдуллина. © Әншінің жеке мұрағатынан
Карина Абдуллина. © Әншінің жеке мұрағатынан

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, қазақстандық белгілі әнші әрі тележүргізуші Карина Абдуллина ана атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы композитор әрі "Мюзикола" тобының әрлеушісі Болат Сыздықов хабарлады.

Анасы мен баласының жағдайы жақсы. Ұл балаға Альберт деген есім берілді. Карина Абдуллина мен оның жолдасы ұлдарына Альберт деген есімді Монако ханзадасы Альбертпен танысқаннан кейін беруді ұйғарыпты. Олардың кездесуі Монте-Карлода, "Мюзикола" тобы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен ұлыбританиялық Мартин Мюррейдің жекпе-жегі алдында Қазақстанның гимнін орындаған кезде болыпты.

"Баланың туылуы мен үшін өте жауапты әрі әбден ойланып барған қадам. Эстрадада сәтті мансапқа жетіп, екі аяғымнан тік тұрған бүгінгі таңда өзімді аналық сезіміне толықтай арнай аламын", - деді Карина Абдуллина.

Орындаушы шығармашылықпен қоштасайын деп жатқан жоқ. 39 жастағы Карина Абдуллина сахнаға жазда оралады. Оның жақындағы өнер көрсетуі 24 шілдеде Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау шеңберінде болады. Әнші халықаралық байқаулардың лауреаттары, атақты гимнасттар Әлия мен Андрей Канахиндермен бірге жаңа номерді паш етеді.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай