Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Әнші Рахат Тұрлыханов ер адамды ұрып жіберді

26 Наурыз 2014, 14:21
0
Рахат Тұрлыханов. ©tengrinews.kz
Рахат Тұрлыханов. ©tengrinews.kz
Қазақстандық танымал әнші Рахат Тұрлыханов ер адамды ұрып жіберді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 2013 жылдың 15 желтоқсанында болған. Ерегіс кезінде Рахат Тұрлыханов ер адамның бетінен соғып жіберген. "Қыз Жібек көшесінің бойында Тұрлыханов Бричукпен ерегісіп, оның бетінен бір соққан. Осы арқылы ол жәбірленушінің денсаулығына қасақана зиян келтіріп, қысқа уақыт денсаулығының бұзылуына душар еткен", - деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет.

Рахат Тұрлыханов өз кінәсін мойындаған. Жәбірленуші құқық бұзушыға ешқандай талабы жоқ екендігін, тіпті істі тоқтатуға қатысты жазбаша түрде өтініш жазған. Материалдарды зерттей келе сот екі жақтың татуласуына байланысты істі тоқтату туралы қаулы шығарған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БАҚ құралдарында Рахат Тұрлыхановтың көлікті мас күйінде жүргізгені үшін ұсталғаны туралы хабарланған болатын. Ол кезде әнші екі жылға көлік жүргізу құқынан айрылған.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай