Әнші Саят Медеуов жол апатына ұшырап, жансақтау бөлімінде жатыр

Әнші Саят Медеуовтің жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатқаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Экспресс К" сайтына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Әнші Саят Медеуовтің жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатқаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Экспресс К" сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы композитор, әнші Ербол Спаналиев әлеуметтік желіде жазған. 

"Саят бауырымыз жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатыр. Алладан дұға тілеп қойыңыздаршы, ағайын. Аман-есен ортамызға орал, бауырым!", - деп жазды Ербол Спаналиев. 

Одан бөлек, композитор Рүстем Арсланов та өзінің желідегі парақшасына әншінің аман-есен сауығып кетуін тілеп жазба қалдырды.

Әзірге жол апатының қашан және қай жерде болғандығы туралы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, Саят Медеуов Құрманғазы атындағы ұлттық халық аспаптар оркестрі 8 наурыз мерекесіне орай ұйымдастыратын концертке қатысуы керек болған. Мерекелік кеш 4 наурызда сағат 19:00-де оркестрдің концерт залында өтеді деп жоспарланған.  

Еске салайық, 2017 жылы 17 сәуірде әнші Қарасай ауданының №14 округіне Мәслихат депутаты болып сайланған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 501.83  course up  519.8  course up  5.31  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer