10 наурыз 2021 11:44

Әнші Төреғали Төреәлі мен әйелі Gender party ұйымдастырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші Төреғали Төреәлі мен әйелі Толқын Gender party ұйымдастырып, бесінші баласының жынысын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әнші Төреғали Төреәлі мен әйелі Толқын Gender party ұйымдастырып, бесінші баласының жынысын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үш қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған Төреғали мен Толқын тағы бір ұлды болмақ. 

"Бұл перзентімізді жаңадан ата-ана атанатындай ерекше күтіп жүрміз! Жалпы басынан бастап, 4 перзентімде болмаған токсикоз, үйдің емес сырттың тамағына жерік болып жүрмін. Шынымды айтсам, бұл жүктілігімде отағасы қасымда, оның өзі бөлек қолдау екенін қазір түсінемін!

"Ұлы дала комедиясын" көргендеріңіз болса білетін шығарсыздар, ішінде Мадина ойнаған басты ролдегі келіншегімен отағасы, УЗИге барып, бала жынысын біледі ғой. Соны көріп мен жылап қалғанмын, қызғанып та үлгергенмін, өзіңіздің перзентіңізді білуге бармайсыз менімен, ал кино үшін барасыз деп. Әйтпесе ол кино еді ғой. Қазір күлкім келеді. Алла ол қуанышты, ол бақытты сәттің дәмін татуды осы перзентімізбен нәсіп еткен екен! Аллаға сансыз шүкірлер!", - деп жазды Толқын Instagram желісіндегі парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tolkyn Turarbekkyzy (@tolkynturarbekkyzy)

Төреғалидің сөзінше, мұндай шара отбасында алғаш рет болып отыр. Бастапқыда әнші және оның ата-анасы баланың жынысын білерден бұрын болжам жасаған. 

"Төренұрыма серік болсын деп ұл тіледім", - деді әншінің анасы. 

Төреғали Төреәлінің өзі де ұл болады деп болжаған. Ал Толқын бесінші баласы қыз болады деп ойлаған. 

Отбасылық мереке әншінің шаңырағында өткен. Оны Төреғалидің қарындасы Дина ұйымдастырған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алиxан Дина Төреәліқызы👑 (@tattti_kyz)

Еске салайық, әнші сүйіктісімен 2014 жылы отау құрған. Оған дейін әнші үйленгенін үш жылдай жасырын ұстап, 2017 жылы 17 қазанда Алматыдағы Rixos Almaty қонақүйінде оның үйлену тойын жасады. 

Жақында Төреғали мен Толқын "ажырасып кеткені" туралы хабар тараған еді. Алайда әншінің өзі бұл хабарды жоққа шығарған болатын. 

Айта кетейік, Gender party-дың мәні - аяғы ауыр келіншек немесе отбасының жақын достары құрсақтағы баланың жынысын болашақ әкесіне не туыстарына тосынсый ретінде жасайды. Үльтрадыбыстық зерттеу нәтижесін, яғни баланың жынысы туралы мәліметті қолына алған адам оны түрлі әдіспен білдіре алады. Бала жынысы шардың түсі, торттың түсі немесе қорапқа жасырылған басқа да заттар арқылы жеткізіледі. Соңғы кездері бұл кешті арнайы ұйымдастырып беретін қызмет түрлері бар. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети