06 мамыр 2022 | 10:00

"Әпкемнің арқасында шықтым". Өнердегі ағайындылар кімдер?

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өнер әлеміндегі ағайындылар қатарында Жолжақсыновтар, Ұлықпановтар, Меденовтер, Жүгінісовтер секілді танымал адамдар бар. Tengrinews.kz тілшісі бұл қатарда тағы қандай ағайындылар барына шолу жасады.


Иконка комментария блок соц сети

Өнер әлеміндегі ағайындылар қатарында Жолжақсыновтар, Ұлықпановтар, Меденовтер, Жүгінісовтер секілді танымал адамдар бар. Tengrinews.kz тілшісі бұл қатарда тағы қандай ағайындылар барына шолу жасады.

Бір үйден бірнеше өнер адамы

Белгілі қазақстандық продюсер, тележүргізуші, актриса Баян Мақсатқызының туған әпкесі де, тағы бір туған әпкесінен туған жиендері де осы салада - шоу-бизнесте жүр. Баянның әпкесі Бағым Мақсатқызы танымал музыкалық продюсер екені белгілі. Екеуі бірге бірнеше музыкалық байқау, бағдарламаларды да ұйымдастырған болатын.

bayanmaxatkyzy Instagram-парақшасынан 

Баян мен Бағымның ата-анасы Мақсат пен Гүлжамал Мұхитденовтер. Мақсат Мұхитденов - дыбыс режиссері. 

Баян және Бағым Мақсатқызы, Гүлжамал Мұхитденова bayanmaxatkyzy Instagram-парақшасынан

Баянның үлкен қызы, танымал блогер Айсәулені Бағым мен әпкесі Бәтес ұзатқан болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Bagym Mukhitdenova (@bagym_m)

Ал Баянның үлкен әпкесі Бәтес Мұхитденованың қызы танымал әнші Аша Матай, ұлы Айдар Асқарбек кейінгі кезде актер ретінде көрініп жүр. Айдардың жары Жарқынай да әнші, жұбайымен бірге "Рауза" телехикаясына түскен. 

"Рауза" телехикаясы арқылы отбасы болған әнші, актриса Жарқынай Ханайым мен продюсер Баян Мақсатқызының жиені, актер Айдар Асқарбектің бір қызы бар. Өнерлі жұп отбасын құрғанға дейін көпшіліктен арақатынасын жасырған. Жарқынайдың продюсері Баян Мақсатқызына бұл арақатынасты жиенінің өзі жеткізіпті. Дегенмен киноның алдында Баян осындай қатынас құрмауға байланысты ескерту жасаған екен.

bagym_m Instagram-парақшасынан 

Ал Бағым Мұхитденова Желіде Бәтестің қызы Ашаны көпшілігі өзіне ұқсататынын айтқан болатын.

"Маған жиі Аша Матаймен ұқсайтынымызды айтады", - деді Бағым Мұхитденова Желіде

Сонымен қатар, Бағым Баянның қасында өзін үнемі кішкентай қыз сезінетінін жазған еді.

"Өмірде жолым болды, өйткені ол ең керемет жан. Ақылды, әдемі, талантты, қамқор, мейірімді. Сенімен қатты мақтанамын. Сенің қасыңда әрқашан өзімді кішкентай қыз сезінемін", - деді продюсер.

Бағым Баянның өміріндегі маңызды сәтте қолдап, шешімі дұрыс екенін айтқан болатын.

"Иә, қиын! Иә, көпшілігі түсінбейді! Иә, көбіне ұнамайды! Бірақ олар бақытты. Баян, сен менің қанымсың және әрқашан мен үшін үздік боласың", - деп жазды Бағым Мақсатқызы.

Ағалы-інілі Сәкен және Роман Майғазиевтер

Танымал әнші, "МузАРТ" тобының солисті Сәкен Майғазиевтің інісі Роман Майғазив те өнер әлемінде. Ол "До-Мажор" тобы арқылы танылған еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🅿️оман Ⓜ️айғазиев 🇰🇿 (@roman_maigaziyev)

roman_maigaziyev Instagram-парақшасынан 

Кейінгі кезде бұл топ шоу-бизнесте көрінбей жүр. Романның өзі де Желідегі кейінгі жазбалардың бірінде "2009 жылы орындалған ән" деп видео жүктеген болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🅿️оман Ⓜ️айғазиев 🇰🇿 (@roman_maigaziyev)

Ал Сәкен сұхбаттарының бірінде інісі Романның өнерге келуі өзінің шешімі болғанын айтқан еді. 

Әпкелі-інілі Жорабаевтар

Белгілі әнші Алтынай Жорабаеваның туған інісі Талғат Жорабаев та әнші. Екеуі бірнеше мәрте дуэт ретінде де ән шырқаған еді.

Талғат әпкесінің әр жетістігіне қуанып, халықпен бөлісіп отырады.

"Зәнім әпкем, құтты болсын марапатың! Халқыңның құрметі ол, ЖАРАТУШЫҢНЫҢ құрметі деп білем... Биіктей бер, Алтыным!" - деген еді әнші Желідегі жазбасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жорабаев Талгат. (@zhorabaev)

Алтынай Желідегі жазбаларының бірінде ата-ананың қолында Талғат неге қалмағанын түсіндірген болатын.

"Үлкен ағам мен жеңгем ауылда, әкем мен анамның қолында тұрады. Ағамның мамандығы - мұғалім. Жеңгем - балабақшада тәрбиеші. Ағатайым Талғаттың өнерін қолдап, өзі ауылда ата-ананың қолында қалды", - деген еді Алтынай Жорабаева әлеуметтік желіде.

Әнші Алтынай Жорабаева інісін қуантып, су жаңа көлік те мінгізген еді.

"Бауырымның үнемі көлігі бұзылып жүреді. 6 тамызда туған күні еді. Оған сыйлығымды бермеген едім. Өзі білмейді, тосынсый жасағым келіп тұр", - деген еді әнші.

Роза және Әбдіжаппар Әлқожа

Хит әндер жазып жүрген Әбдіжаппар Әлқожа - Роза Әлқожаның туған інісі. Роза да, Әбдіжаппар да өнерге келуіне Роза себеп болғанын жасырмайды.

"Алты баланың үлкенімін ғой. Ағамның алты баласына да алаңдап келгенмін", - деп жазған еді әнші Желіде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Роза ӘЛҚОЖА (@roza_alqozha)

Олардың ата-анасы зейнеттегі адамдар, отбасында 6 бала, 3 қыз, 3 ұл, үлкені - Роза Әлқожа. Әбдіжаппар Әлқожа сұхбаттарының бірінде "әпкесінің арқасында шықты дегенге" қатысты пікір білдірген болатын.

"Әпкесінің арқасында шықты" деген ренжітпейді, қайта қуантады. Өмірге де келуге адам себеп болады, басыңа бақ бергенмен, адам адамға себепкер болады. Адамдар себепші болып, жұмысың әрі қарай жүреді. Роза әпкемнің маған жасаған жақсылығы көп. Ағаларға ренішім жоқ, бірақ оларға қарағанда әпкелердің көмегі көп болды", - деген еді әнші сұхбаттарының бірінде.

Роза Әлқожа да бауырларына қамқор болғанын айтқан еді.

"Бауырларыңызды сағынып жүресіз бе? Мен оларсыз өмірді елестете алмаймын. Өзімнен кейінгі бес бала, ағамның алты баласына алаңдап жүремін. Қазір қойдым. Оларға енді "няня" керек емес екен. Өсіп кетіпті. Әрқайсысына бақыт тілейміз! Үйде үш ұл, үш қызбыз. Үшеуміз ән айтамыз, үшеуі тыңдайды. Пикош деген ән айтпай бағымыз жанды ғой. Әйтпесе таланты мен талғамы сұмдық бұл қыздың!" - деген еді әнші Желіде.

Әбдіжаппардың әпкесіне риза екені әр жазбасынан байқалады: "Сіз алдымда тұрсаңыз ала алмайтын біздің де қамалымыз жоқ. "Мен жарқырап жүрсін, Мен жадырап жүрсін" деген сіздің үлкен жүрегіңіз маған қашан да тек күш береді. Анамнан алғаш туып, құрсағынан бар байлығын алып шыққан ең талантты тұлғам менің. Қазақтың Розасы, Розалардың жалғасы аман болсын", - дейді әнші. 

Байбосыновалар: әнші, актриса, продюсер

Бір үйден бірнеше танымал адам шыққан отбасының бірі - Байбосыновтар. Ғалия Байбосынова - танымал продюсер, Айша Байбосынова - әнші, Гүлбаһрам Байбосынова - театрда актриса. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Галия Байбосынова (@galiya_baibossynova)

Олардың ағасы да тегін адам емес. Қайрат Байбосынов - дәстүрлі әнші, дәстүрлі өнердің насихаттаушысы.

galiya_baibossynova Instagram-парақшасынан

Ғалия Желідегі жазбаларының бірінде Қайрат Байбосыновпен қандай туыстық байланысы барын түсіндірген болатын.

"Бүгін біздің үлкен әкеміздің туған күні! Алла қалап 70 жасқа толып отыр! Әкемнің біздің отбасымыздағы орны бөлек, төбе. Папамның әкесі (туған әкелері ерте қайтқан екен, содан папам Қайрат ағасын әке деп кеткен), бауырларымның атасының орнында. Менің статусым бөлек, мен кемпірдің қызымын. Апам әкеме деген сағынышын менімен басқан, сондықтан толық махаббатта өскен баламын. Әкем өмір бойы халқына қызмет етіп келеді, қаншама ғылыми жұмыстар жасалды, қаншама шәкірт тәрбиелеп отыр", - деген еді продюсер Ғалия Байбосынова. 

Ал Ғалия Байбосынованың қызы Назым Әбілдина "Айгөлек" балалар байқауынан бері қалың көпшілікке танымал, бүгінде жеке әнші ретінде өнер көрсетіп жүр. Ол Баян Мақсатқызының "КешYOU" тобының құрамында да ән шырқаған болатын. Ғалия Байбосынова өзі ұйымдастырған мерекелік бағдарламалар мен концерттерден қызын да қалдырмайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Галия Байбосынова (@galiya_baibossynova)

"Асырап алғанбыз". Өнердегі ағайындылар кімдер?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети