28 сәуір 2022 16:55

"Асырап алғанбыз". Өнердегі ағайындылар кімдер?

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өнер әлемінде ағайындылар көп. Бұл қатарда Жолдасовтар, Жүгінісовтер, Төлеповтер секілді әншілер мен актерлер бар.  Tengrinews.kz тілшісі шоу-бизнесте қандай ағайындылар бар екеніне шолу жасап көрді.


Өнер әлемінде ағайындылар көп. Бұл қатарда Жолдасовтар, Жүгінісовтер, Төлеповтер секілді әншілер мен актерлер бар.  Tengrinews.kz тілшісі шоу-бизнесте қандай ағайындылар бар екеніне шолу жасап көрді.

Әнші, музыкант, композитор Ұлықпановтар

Өнерлі шаңырақтың бірі - Ұлықпан Жолдасовтың әулеті. Әнші, композитор, продюссер Ұлықпан Жолдасов алғашқы өнер жолын 1983 жылы Маңғыстау облыстық филармониясынан бастаған. Ал оның ұлы мен қызы өнерден алыс кетпей, кішкентай кездерінен бастап киелі сахнаға шыққан.

Ұлықпан, Фарида, Болат Жолдасовтар

Музыкант Болат Жолдасов кейінгі сұхбаттарының бірінде 6 жылдай өнерден алыстап кеткенін, өнерде 26 жасына дейін жүргенін айтқан еді. Ол сахнаға 2014 жылы соңғы рет шыққан. "Бастау" тобында, сонымен қатар, "МузАРТ" тобында үш жарым жылдай өнер көрсеткен. Ол өзін "сахна адамы ретінде көре алмайтынын, сондықтан өнерден түбегейлі кеткенін" айтқан болатын. Қарындасы Фарида Жолдасова 2015 жылы Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. Көпшілігінің әлі күнге есінде сақталған "Бал-балалық, балдырған шақ сан арман" әнін 8 жасында жазған екен. Ол 5 жасынан бастап үлкен сахнада өнер көрсетіп келе жатыр. Болат қарындасының 1 жас 2 айында ән айта бастағанын, 2 жасында екінші, үшінші дауыстарда меңгергенін жеткізген еді. 

Ұлықпан Жолдасов Желіде 2001 жылы, ұлы Болат 13 жаста болған кезде алғашқы бейнебаяндарын жазғанын айтқан болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Lukpan_Zholdasov (@lukpan_zholdasov)

Бір үйден үш әнші

"Жүгінісовтер" тобы ағайынды үш жігіттен құралған. Алғаш сахнаға шыққанда, топтың кенжесі кішкентай болса, ол қазір шаңырақ көтеріп үлгерген. Ал үлкені Рүстем Жүгінісов 1995 жылы, Мирас Жүгінісов 1999 жылы, Мұхаммедәли Жүгінісов 2003 жылы дүниеге келген.

Жүгінісовтер отбасы. ainur_zhugunussova Instagram-парақшасынан 

Топ сахнаға шыққан кезден-ақ түрлі байқауға қатысып, жүлделі орындарға ие болған.

Жүгінісовтер отбасы. ainur_zhugunussova Instagram-парақшасынан

Отбасының тұңғышы Рүстемнің жұбайы Айжан Жүгінісова - дәстүрлі әнші. Жары Рүстеммен бірге дуэт ретінде де әндер жазған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТБАСЫ | ӨНЕР | ӨМІР (@aizhan.zhugunussova_official)

Мирас Жүгінісов танымал әндерімен көптің көңілінен шығып жүр. 

erke_esmahan Instagram-парақшасынан  

Әлеуметтік желіде Мирас Жүгінісов пен Ерке Есмаханға байланысты қауесет тараған еді. Кейін әнші Ерке Есмахан Желіге жазба жариялады.

"Мирас Жүгінісовпен ұшарда, самолетте таныстық. Танысқан сәттен әңгімеміз жарасып, сырласып, қалжыңдасып, дос болып алдық. Музыкалық талғамы, Алла берген таланты, ата-анадан алған тәрбиесі бір бойына жиналған - Мирас нағыз жігіт және нағыз шығармашылықтың адамы екен!" - деп жазды Ерке Есмахан.


zhugunussov.mj Instagram-парақшасынан 

Ал биыл наурызда үйленген Мұхаммедәли Жүгінісовтің тойында ерекше шоу болған еді. Жаңа түскен келін ортада бауырсақ пісірді. Актриса, продюсер Айнұр Жүгінісова баласының тойында бүгінде дәстүрге айналған торт кесу салтанаты неге болмағанын түсіндірді. 

"Біршама толғаныста жүріп, келіп тоқтаған ерекшелігіміз осындай болды. Оның мәні - құрып жатқан шаңырақта дастарқан майлы әрі жайлы, қонақ үзілмесін, тату өмір сүрсін деген ниетпен болды. Қазағымыздың ұлттық бас тағамын алып, сол кесілетін торттың орнына тойдағы басты ерекшелік ретінде қалыптастырғымыз келеді", - дейді Айнұр Жүгінісова.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айнур Жугунусова (@ainur_zhugunussova)

Айдана, Ермек Меденовтер

Бір үйден үш өнер адам шыққан отбасының бірі - ағайынды Меденовтер. 6 жылға жуық Айдана Меденова КешYou тобының құрамында өнер көрсеткен. Қазір ол - жеке әнші.

aidanamedenova_officialpage Instagram-парақшасынан

Айдана Меденованың ағасы Ермек Меденов - белгілі музыкант, саксофонист. Ермек Желіде жазбаларының бірінде қарындасын "жұлдыз қарындасым" деп атапты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ermek Medenov (@ermek_medenov)

Әншілердің Желідегі сурет-видеоларынан өнерге әкесі баулығанын байқауға болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ermek Medenov (@ermek_medenov)

Айдананың әпкесі Назым жары Дәуренмен бірге DN тобының құрамында өнер көрсетеді. Олардың аналары қайтыс болған. Назым Желіде Айданаға жазған жазбалардың бірінде "Анамыздан аумай қалған сені көріп,
Басылады Анашыма сағынышым" деген екен.

dn_toby Instagram-парақшасынан

Белгілі әнші Қарақат Әбілдинаның әпкесі Қымбат Әбілда қалың көпшілікке танымал. Ол - "Айгөлек" балалар журналының бас редакторы. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Аяла Қыдырәлі (@ayala_kydyrali)

"Айгөлек апамның өзі де, күлкісі де (натуральный) ғой, шіркін! Инста түгіл, уатсабы жоқ сенесіздер ме? Теледидар қарамайды, радио тыңдап, көп кітап, газет-журнал оқиды. Жазу жазады, өлең шығарады. Демалса, тек моншада демалады. Сән салонға мүлдем бармайды. Иә, солай. Нағашы апам осындай", - делінген ayala_kydyrali Instagram-парақшасындағы жазбада.

Қобызшы Ақерке Тәжібаева - Қайрат Нұртастың бөлесі. 

gulziraaidarbekova Instagram-парақшасынан

Бұл туралы продюсер Гүлзира Айдарбекова отбасында 8 бала екенін, қыз баладан үйдің үлкені Ақеркенің анасы екенін айтқан болатын.

"Негізі, отбасымызда 5 ұл, 3 қыз болатынбыз, екі ағам мен ортаншы әпкем о дүниелік. Қазір бауырларымның ішінде қыз баладан ең үлкен жалғыз әпкем Гүлбахрам ғана. Өзі анашымнан аумайды. Сол әпкемнің ең кішкентай қызы, қыл қобызымен шет елдің 80 пайызын аралап шыққан Ақерке Тәжібаева сіңілімнің туған күні", - деген болатын Желіде кейінгі жазбаларының бірінде.

Актер ағалы-інілілер кімдер?

Кино және театр актері, кинорежиссер Досхан, Ерік Қалиұлы Жолжақсыновтар. Досхан Жолжақсынов 1951 жылы, Ерік Жолжақсынов 1959 жылы дүниеге келген, аралары - 8 жас. 

Ашық дереккөз мәліметтеріне сүйенсек, Досхан Жолжақсынов театр мен кинода 200-ден аса туындыда көрінген, алғаш театрға Вахитовтың "Алтын көрсе періште жолдан таяды" спектаклінде Қылышбек ролін сомдаған. Ал Ерік Жолжақсынов 1982 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында еңбек еткен. Жолжақсыновтардың жұбайлары да өнерде жүр. Өнерлі абысындар, Досхан Жолжақсыновтың жары - әнші Қарагөз Сүлейменова, ал Ерік Жолжақсыновтың жұбайы белгілі актриса - Қымбат Тілеуова. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ерик Жолжаксынов (@erikzholzhaksynov)

Театр-кино актері Әділ Ахметовтің туған інісі де осы салада жүргенін бірі білсе, бірі білмейді. Әділ Ахметовтің інісі Әшім Ахметов те актер. Кино-театр актері, тележүргізуші Әділ Ахметов 1984 жылы, ал Әшім Ахметов 1991 жылы дүниеге келген. Әділ "Анаға апарар жол", "Томирис" секілді танымал фильмдерге түскен әрі қазір Нұр-Сұлтандағы "Жастар" театрының басшысы. Ал Әшім "Қазақ батырлары", Қазақ Елі", "Тараз", "Гламур для дур" секілді туындыларға түскен. 

adil084 Instagram-парақшасынан

Әділ сұхбаттарының бірінде Әшімнің туған бауыры екеніне таңғалатындарға жауап ретінде "асырап алғанбыз" деп әзілдейтінін жеткізген еді. Актерлардың Шакизат, Марина есімді 2 әпкесі бар. Әшім - үйдің кенжесі. 

"Әшімді бүкіл көршілермен төбелестіретінмін. Жеңетін еді. Қазір сол кезде "төбелескісі келмегенін" айтады. Қонақ келсе де, төбелестіретінбіз. (...) Кино жағынан Әшім әлдеқайда бұрын бастады. 2003 жылы "Көшпенділерге" түсті. Кино әлемінде Әшімнен кейін ізін басып келе жатырмыз", - деп әзілдеген еді Әділ сұхбаттарының бірінде.

2011 жылы жарық көрген "Жаужүрек мың бала" фильміне түскен Артур, Асылхан Төлеповтер қазір көпшілікке танымал актерлер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Artur Tolepov (@arturtolepov)

Сұхбаттарының бірінде Артур Төлепов мектеп кезінде өзі өнерге, ал Асылхан спортқа жақын болғанын айтқан еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети