06 қаңтар 2018 10:54

"Арсыз адам": Киркоровтың тыңдарманы әншіні сотқа бермекші

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Филипп Киркоровтың табынушысы ресейлік эстрада королінің оны Майамидағы дүкендердің бірінде қолтаңба сұрағаны үшін көпшіліктің алдында қорлағанын айтып отыр. Әншіні әйел видеоға түсіріп алған.


Филипп Киркоровтың табынушысы ресейлік эстрада королінің оны Майамидағы дүкендердің бірінде қолтаңба сұрағаны үшін көпшіліктің алдында қорлағанын айтып отыр. Әншіні әйел видеоға түсіріп алған.

"Арсыз неме! Эстрада королі, дөрекі сөздеріңіз үшін менен кешірім сұраңыз! Эстрада королі, сізге кім мұндай құқық берді? Ресейде тұрсаңыз, адамдарға дөрекілік көрсетуге болады деп кім айтты? Арсыз адам", - деді әйел Киркоров оны көрмегендей кейіп танытып, телефонмен сөйлесіп, кетіп бара жатқанда.

Әйелдің айтуынша, ол жолдасымен және тоғыз жастағы ұлымен дүкен аралап жүріп, әншіні көріп қалған, сөйтіп қолтаңба сұрағанда былапыт сөздер естіген. "Мені былапыттап, баланың көзінше жолдасымды балағаттауға кім құқық берді? Кешірім сұраңыз, менікі дұрыс болмады деңіз, ер адамсыз ғой! Жетер, Филя, сізді сотқа беремін. Газеттерді сотқа бергенді жақсы көресіз ғой, ал мен сізді сотқа беремін, мені қорлағаныңыз үшін", - деді әйел.

Әйел ресейлік әншінің жауабын әлі алмаған. Ол Киркоровтың қорлағаны жазылған жазбаны көрсетпеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети