05 ақпан 2018 15:24

Арулардың сұлулық байқауына қатысқан алматылық жігіт өз әрекетін түсіндіріп берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram.com © Instagram.com

Арулардың сұлулық байқауына қатысқан алматылық жігіт Илай Дягилев өз әрекетін түсіндіріп берді. Ол Tengrinews.kz тілшісіне өзі және жұмысы жайлы айтып, неліктен Miss Virtual Kazakhstan арулар байқауына қатысқанын түсіндіріп берді.


Арулардың сұлулық байқауына қатысқан алматылық жігіт Илай Дягилев өз әрекетін түсіндіріп берді. Ол Tengrinews.kz тілшісіне өзі және жұмысы жайлы айтып, неліктен Miss Virtual Kazakhstan арулар байқауына қатысқанын түсіндіріп берді.

Еске сала кетейік, 22 жастағы жігіт Илай Дягилев сұлулық байқауында ақтық мәреге дейін жетіп, өзінің ер адам екенін мойындаған болатын. 

"22 жастағы Илай Дягилев Miss Virtual Kazakhstan байқауына қатысу үшін суреттерін Арина Әлиева деген атпен жолдаған. Алайда жігіт финалға шыққан соң өзінің әйел емес, ер адам екенін мойындап, ол байқаудан шығарылып, орнына басқа ару қатыстырылды", - делінген еді жарияланымда.

"Барлығы мені талқылап жатырмын. Мен осы әрекетіммен мен үшін маңызды дүниені түсіндіргім келді, яғни, қыздар қазір өздерінің жеке тұлға екендерін ұмытып кетті. Барлығы тренд пен сәннің соңынан еріп жатыр. Бірақ мен жігіттердің қыз болып киініп, көшеде солай жүруін насихаттамаймын. Бірінші кезекте мен табиғилықты, адамның өздігінен тұлға ретінде дамуын насихаттаймын. (...)", - дейді жігіт.


© Instagram

Сондай-ақ, Дягилев өзі жайлы айтып берді.

"Шын мәнінде мен өте қарапайым жігітпін. Алматыда дүниеге келдім. Аты-жөнім - Илай Дягилев. 17 жасымнан бастап модельдік бизнесте жұмыс істеймін. Бойым - 190 сантиметр, 72 келімін. Университетте "Қаржы" мамандығын оқыдым. Бірақ кейін оқуды тастап кеттім. Болашақ мамандығымды фэшн-индустриямен байланыстырдым. Бірақ уақыт Қытайдың Шанхай қаласында жұмыс істедім. Алматыға қайтып келіп, қазақстандық дизайнерлермен жұмыс істедім", - дейді Дягилев.

Модель жігіттің айтуынша, ол бос уақытында спортпен айналысып, шет тілдерді үйренеді.

"(...) Қазақ тілін еркін меңгердім, ағылшын тілін оқып жатырмын және қытай тілін толықтай оқып үйренгім келеді", - деді Илай Дягилев.


© Instagram

Мұнымен қоса, ол модельдік бизнестегі жұмысына тоқталып өтті.

"(...) Бұл бізде көбіне хобби шығар. Бізде модель жігіттер бар, бірақ олар мұны ұят деп ойлайды. Жігіт бола тұра осы салада жұмыс істесең, сені бейдәстүрлі жыныстық көзқарасты ұстанады деп санайды. Өзім жайлы айтатын болсам, мен ондай адамдардың қатарына жатпаймын. Болашақта үйленіп, балалы болғым келеді. Бірақ әлі сүйіктімді кездестірген жоқпын. Менің ойымша, жігіт нағыз ер адам болып, аяғына тік тұрған соң ғана отбасы жайлы ойлауы керек. Модельдік бизнесте жұмыс істеп жүргенде сұлу қыздарды көп кездестірдім. Бірақ мен қыздарда табиғилық пен ақыл-ойды бағалаймын", - деді алматылық жігіт.

Сондай-ақ, Дягилев жоспарлы жайлы айтып берді. "Болашақта табиғи сұлулықтың әдемі әрі қызығырақ көрінетінін көрсете алатын жоба дайындағым келеді. (...)", - деді Илай Дягилев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети