07 ақпан 2017 18:51

Баян Есентаева "КешYOU" тобының жаңа құрамын таныстырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/bayanmaxatkyzy © instagram.com/bayanmaxatkyzy

Баян Есентаева "КешYOU" тобының жаңа құрамын таныстырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Топ мүшелері төртеуге дейін жетті. 


Баян Есентаева "КешYOU" тобының жаңа құрамын таныстырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Топ мүшелері төртеуге дейін жетті. 

Продюсердің айтуынша, топтың бұрынғы құрамынан Балжан Бидаш қана қалған. Оған "Лашын" тобының бұрынғы мүшелері Сара Амангелді және Элизат Берікова қосылған, сонымен қатар, Қазақстан эстрадасына жаңадан келген Назым Әбілдина да бар. 

"Біз концепциясын толығымен өзгерттік. Менің ойымша 10 жыл ішінде "КешYOU" тобының үш ұзын қыз болуы және жақсы вокал мен хореографиясының мықты болуы туралы формат ескірген сияқты. Біз енді квартет құрдық, бұл осы топтың бағытын өзгертеді деп ойлаймыз. Бұл мүлдем басқа концепция. Бұрынғы "КешYOU" тобынан ештеңе қалмады, музыкалық репертуарынан ештеңе қалмайды. Біз ескі хиттерді орындайтын боламыз, алайда жаңа әндер мүлдем басқаша болады", - деді Есентаева. 

Сонымен қатар, ол жақын арада осы жаңа топтың клип шығаратынын айтты.  

Баян Есентаева топтың бұрынғы мүшесі Жұлдыздың осы жобадан неліктен кеткенін айтып берді. Продюсердің айтуынша, ол оның сенімін ақтамаған. Екі жылдың ішінде ол тапсырылған дүниелерді орындай алмады. Бірақ ол өте тәрбиелі, жақсы қыз. Ол продакшн құрамында қала береді және бір сериалда басты рөлде ойнап шыққан. 

"10 жыл ішінде "КешYOU" тобында бірде-бір келісімшарт іске асқан жоқ, олар тұрмысқа шығады, босанады, құдайға шүкір. Мен де әйелмін, оларды жақсы түсінемін. Сол себепті мен келісімшарт үшін алаңдамаймын", - деді Есентаева. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети