Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Баян Есентаева соққыға жығылып, жансақтау бөлімінде жатыр

10 Маусым 2016, 22:03
9

Баян Есентаева соққыға жығылып, жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. 

ІІД мәліметінше, Баян Есентаева бүгін, 10 маусымда Алматы облысындағы Құлжа тас жолының бойында соққыға жығылған. Бұл дерекке байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті ретінде оның күйеуі тіркелген. Оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр. 

Ал "Время" газетінің мәліметінше, оқиға 12.15-те бензин құю бекетінің алдында адамдардың көзінше болған. Алдын ала болжам бойынша, ер адам Баян Есентаеваны қатты ұрып-соғып, ішіне пышақ салған. Куәгерлер оқиға орнына жедел жәрдем мен полицияны шақырған. Есентаева ауруханаға жеткізіліп, дереу ота жасалыпты. Ауруханада жасалған жазбаға қарағанда, продюсер пышақ жарақатын, бассүйек ми жарақатын алған және мұрны сынған. Ұсталған ер адам Талғар аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілген. Газеттің дереккөзінің мәліметінше, Баян Есентаева пышақ жарақатын алып, көп қан жоғалтқан, алайда оның өміріне еш қауіп жоқ екен. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр. 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (9)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай