21 сәуір 2022 11:30

"Бұрмалап жіберген". Бақыт Шадаева Димаштың жанкүйерлерінен кешірім сұрады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коллаж: tengrinews.kz Коллаж: tengrinews.kz

Әнші Бақыт Шадаева Димаш Құдайбергенге қатысты айтқан сөзін түсіндіріп, халықтан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әнші Бақыт Шадаева Димаш Құдайбергенге қатысты айтқан сөзін түсіндіріп, халықтан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін "Димаштың дауысы қойылмаған" деген әнші Бақыт Шадаева "1001 түн" бағдарламасында мәлімдемесін түсіндірді. 

"Үзіп алып, бұрмалап жіберген. Димаш көз алдымызда өскен бала. Талантты, дарынды бала. Кішкентай кезінде оның ерекшелігін байқайтынмын. Осы арада ол көп сынға түсті, Қазақ елі қабылдамай, көп тосқауылдан өтті. (...)

Менің сөзімді қате түсінді. Өзім жас балаларға мектеп ашқалы отырмын. Дауысы бар, болашағы мол баланы жастайынан ашу керек. Ол есейіп келіп, үлкен жігіт болып айналысқан мектебі аз болады. Біз әншілер осы күнге дейін дауыс қоюмен айналысамыз. Ол дегеніміз - дене шынықтырумен бірдей. Өмір бойы жасауға әбден лайық", - дейді ол. 

Бақыт Шадаева музыканттар бұл дүниені жақсы білетінін және оған ешкім қарсы шықпайтынын да мәлімдеді. 

"Құрметті халайық, ортадағы адамдардың сөзімді асыра түсіп, хайп қылып, оны халыққа жеткізіп, оны жалғастырып жатқан өздеріңізде де бар кінә, бір жағынан. Біз өнер адамдары ондай сын айтуға дайын болуымыз керек. Оқу, білім ешқашан артық болмайды. Димашқа айтқан сөзім, аузыма Құдай салып тұрса не деймін. Жанкүйерлерінен кешірім сұраймын. Димашты бүкіл жанүйімізбен жақсы көреміз. (...)

Жанкүйерлерінен кешірім сұраймын. Өте қатты ауыр сөздер айтып жатыр. Қателеспейтін адам бар ма бұл өмірде. Қанша дүние болғанымен, кешірімді болуымыз керек ", - деді әнші. 

Еске салайық, әнші Бақыт Шадаева Димаш Құдайбергеннің дауысы қойылмаған, мектебі жоқ екенін айтып сынға алған еді. Бұл туралы ол "Elmedia" Youtube арнасына берген сұхбатында айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети