Біз Қазақстанға мейлінше тығылып келуге тырыстық - Димаш Құдайбергеннің PR-директоры

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Астанада Димаш Құдайбергенді Қазақ ұлттық өнер университетінде ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен ЖОО өкілдері, сондай-ақ, студенттер күтіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астанада Димаш Құдайбергенді Қазақ ұлттық өнер университетінде ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен ЖОО өкілдері, сондай-ақ, студенттер күтіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

I Am a Singer шоуының қатысушысы Димаш Құдайберген жайлы деректі фильмнің түсірілім жұмыстары бүгін Астанада жалғасты.

Әншінің PR-директоры Алпамыс Шаримов университет өкілдерінің бұлай күтіп алатынын білмегенін айтады. 

Ал журналистердің "Димаш Құдайбергенді Қазақстанда неліктен Қытайдағыдай көптеген жанкүйері күтіп алған жоқ?" деген сұрағына ол былай деп жауап берді: "Димаштың елге оралғанын ешкім білген жоқ, айтылған жоқ. Жанкүйерлердің қайдан біліп қойғанын да білмейміз. Біз мейлінше тығылып келуге тырыстық. Бірақ бізді күтіп алған адамдарға алғысымыз шексіз. Ғаламторда "Неге Димашты Қытайдағыдай қарсы алмайды" деп айтып жатады. Қытайда билет алған адамның есімі Интернетте тұрады, содан бастап кімнің қай рейспен қайда ұшатынын біліп отырады. Ал Қазақстанда ондай жоқ. Қытайда фанаттары Димашты шығарып салып, күтіп алып қана қоймай, онымен бірге билет алып, бір ұшақта ұшады. Тіпті бизнес-класста отыру үшін билет алады. Сондықтан екі жақтың билет алу жүйесіне байланысты екі елде әрқалай деп ойлаймын. Тіпті алдыңғы күні елге қарай ұшып келе жатқанымызда Үрімшіге дейін бірге ұшып келген жанкүйерлері болды. Димаштың жанындағы орындар бизнес-класс болса да, 30 минут ішінде толып қалатын болды. Бірге ұшып қана қоймай, Димашқа сыйлықтарын да беріп жатады", - деп әңгімеледі Шаримов.

Димаш Құдайберген Қытайға ертең, 28 ақпанда ұшып кетеді екен. "Ертең, таңғы уақытта Қытайға ұшып кетеміз. Кеше Adagio әнін қалай орындағанын көрдіңіздер. Алда қазақ әні "Дайдидаудан" бастап, тағы жеті тур болады. Сондықтан барлығын басынан бастайтындай күй кешейін деп тұрмыз. Меніңше, келесі кезеңдер қиын болады, себебі жаңа әншілер қосылып жатыр, олар жаңа күшпен келіп жатыр. Байқаудың аты "Мен - әншімін", сондықтан ортадан қосылған әншілерден де асып түсуің керек. Бұл - титандар шайқасы", - деп мәлімдеді Алпамыс Шаримов.

Айта кетейік, осыған дейін Қытайда өтіп жатқан музыкалық конкурстың алтыншы кезеңінде Димаш Құдайберген Лара Фабианның Adagio әнін орындаған болатын. Қазақстандық әнші бұл конкурста осымен үшінші рет бірінші орын алып отыр. Кейін Лара Фабиан Димаш Құдайбергенді миллионнан аса тыңдарманы бар парақшасында құттықтаған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro