07 желтоқсан 2019 09:17

Comedy резиденттері ресейлік рэперлер жайлы бейнебаян түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Comedy Club резиденттері Андрей Аверин, Зураб Матуа, Дмитрий Сорокин және Андрей Скороход "Умирает русский рэп" атты бейнебаянда ресейлік танымал рэперлерді сомдады. Видео YouTube желісіндегі ТНТ арнасының каналында жарияланды.

Бейнебаянда Гуф, Баста, Тимати, Джиган, Скриптонит, Элджейге пародия жасалды. Әзілкештер жоғарыда айтылған орындаушыларға тиесілі қасиеттерді ойнап шыққан. 

Көптеген пікір қалдырушылар әзіл роликті жақсы қарсы алған. 

"Ең тапқыр әрі мықты кекету. Мынаған қараңдар рэперлер. Мынау сендердің шындықтарың! )))))))))))))))))))"

"Скриптониттің аудармашымен шыққаны сұмдық енді"

"Гуф кешірім сұрай береді, Баста ақша табуды ойлайды, Фейсты унитазға ағызып жіберді, Тимати өз ісіне разы, Джиганды жібермей қойды, Скриптонит ештеңе айта алмады, рэп Элджейге айналды, оған Гнойный палатасында Оксимирон дозасын салды". 

"Жас кезінде Гребенщиков былай ән айтқан еді "рок-н-ролл өлді, бірақ мен әлі тірімін". Бұл шамамен 40 бұрын болған. Рэпте сондай. Ешқандай жаңашылдық жоқ". 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети