Дәурен Айдарқұлов "КешYou" тобының экс-солисімен түскен суретіне қатысты пікір білдірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Белгілі актер, көңілді тапқырлар клубының бұрынғы ойыншысы Дәурен Айдарқұлов "КешYou" тобының экс-солисі, әнші Ақбота-Нұр Сейтмағамбетпен түскен суретіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Белгілі актер, көңілді тапқырлар клубының бұрынғы ойыншысы Дәурен Айдарқұлов "КешYou" тобының экс-солисі, әнші Ақбота-Нұр Сейтмағамбетпен түскен суретіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Барлығы да өз ретімен, болып жатқанның барлығы қалыпты жағдай. Дау туатындай ештеңе де болған жоқ. Өздері (суретке қатысты жағымсыз пікір қалдырып жатқандар жайлы - Авт.) өзінше өмір сүре берсін. Жариялап жатқан суреттеріме байланысты не ойласаңыздар да өздеріңіз біліңіздер. Қалай түсінсеңіздер де, өздеріңіз біліңіздер. Мен ештеңені де түсіндіргім келмейді. Осылай", - деді Айдарқұлов Tengrinews.kz тілшісіне телефон арқылы.

Айта кетейік, осыған дейін Дәурен Айдарқұлов "КешYou" тобының экс-солисі, әнші Ақбота-Нұр Сейтмағамбетпен түскен суретін жариялаған еді. Оның Instagram желісінде жариялаған екі суретіне "Бәрі Алланың қалауымен" деп сипаттама жазылған. Ал суретке қатысты пікір жазған қолданушылар екі жастың бас қосқанын болжап отыр. Суреттен әншінің жүкті екенін байқауға болады.


Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-Нұр Сейтмағамбет. © instagram.com/daurenaidarkulov

Айта кетейік, былтыр желтоқсан айынан бастап Ақбота мен Дәуреннің "көңіл қосқаны" жайлы қауесеттер тарай бастаған. Актриса үшін 34 жастағы Айдарқұлов үш баласы мен әйелін тастап кетті дегендер болды. Алайда осы тақырып қызған шағында актриса ешкімнің де отбасын бұзбағанын және Дәуренмен ешқандай да қарым-қатынасының жоқ екенін мәлімдеген.

Ал осыған дейін актер Дәурен Айдарқұловтың әйелі "Ақбота Сейітмағанбет күйеуімді тартып алды" деп мәлімдеме жасаған болатын. Әнші Ақбота "Гламур для дур" атты комедияда басты рөлде ойнаған еді. Осы картинаға Айдарқұлов та түскен. Әртістер осы киноға түсу барысында танысқан екен. Сондай-ақ, Ақбота Сейтмағамбет тұрмысқа шығуына байланысты "КешYou" тобынан кеткен еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer