Димаш Құдайберген "Әлем аруы" байқауының финалында ән шырқайды

24 Қараша 2018, 12:06
0
Димаш Құдайберген "Әлем аруы" байқауының финалында ән шырқайды - © instagram/kudaibergenov.dimash
© instagram/kudaibergenov.dimash

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Әлем аруы-2018" байқауында ән айтады. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазды.

"8 желтоқсанда "Әлем аруы" байқауында қатысушыларды қолдап ән арнаймын. Көріскенше", - деп жазды ол.

"Қазақстан аруы" байқауының Instagram желісіндегі парақшасында әншінің финал кезінде ән шырқайтыны жазылған. Димаш "Ұмытылмас күн" әнін орындайды, бұл әннің музыкасын ол өзі жазған.

"Димаштың жұмыс кестесі бірнеше жылға жазылып қойған, соған қарамастан, ол отандасымызды қолдап, "Әлем аруы-2018" байқауында ән айтуға келісті", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанның атынан қарағандылық Екатерина Дворецкая қатысады. Оған қалай дауыс беру керегін мына жерден көріңіз.

"Әлем аруы-2018" финалы 8 желтоқсанда Қытайдағы Хайнань аралында өтеді. Алдын ала болжам бойынша, салтанаттың тікелей трансляциясын әлемнің 200 елінен миллиардтан аса көрермен тамашалайды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай