Джеки Чан қазақстандықтарға көмегі қажет болатын проблемалар жайлы айтуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Джеки Чан қазақстандықтарға көмегі қажет болатын проблемалар жайлы айтуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан-Қытай кинофестивалі аясында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, актер Қазақстанда қайырымдылықпен айналысқысы келетінін айтты.
"Расында мен осы салада жұмыс істеуге әрдайым дайынмын. БАҚ өкілдері арасындағы достарымнан менің көмегім қажет болуы мүмкін проблемалар жайлы көбірек айтуын сұраймын. Себебі мен Қазақстанды жақсы білмеймін және ондағы адамдарға не қажет екенін де білмеймін. Әдетте мен қайырымдылықпен айналысқанда БАҚ өкілдері маған менің қандай көмегім тиюі мүмкін екенін айтады", - деді Джеки Чан.
Осыған дейін актер Қазақстанға келіп, осында кинематографиямен айналысуды армандайтынын айтқан еді.
Аты аңызға айналған актер Джеки Чан кеше Қазақстанға ұшып келген болатын. Астана әкімі Әсет Исекешев әйгілі актерді әуежайдан өзі күтіп алды.
Айта кетейік, 2017 жылдың 7-18 маусым аралығында Астанада Қазақстан-Қытай кинофестивалі өтеді. 63 жастағы Джеки Чан Қазақстанға осы шараға қатысу үшін келіп отыр.