Джеки Чан қазақстандықтарға: Көмегім қажет болатын проблемаларды айтыңыздар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Джеки Чан қазақстандықтарға: Көмегім қажет болатын проблемаларды айтыңыздар © REUTERS

Джеки Чан қазақстандықтарға көмегі қажет болатын проблемалар жайлы айтуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Джеки Чан қазақстандықтарға көмегі қажет болатын проблемалар жайлы айтуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан-Қытай кинофестивалі аясында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, актер Қазақстанда қайырымдылықпен айналысқысы келетінін айтты.

"Расында мен осы салада жұмыс істеуге әрдайым дайынмын. БАҚ өкілдері арасындағы достарымнан менің көмегім қажет болуы мүмкін проблемалар жайлы көбірек айтуын сұраймын. Себебі мен Қазақстанды жақсы білмеймін және ондағы адамдарға не қажет екенін де білмеймін. Әдетте мен қайырымдылықпен айналысқанда БАҚ өкілдері маған менің қандай көмегім тиюі мүмкін екенін айтады", - деді Джеки Чан.

Осыған дейін актер Қазақстанға келіп, осында кинематографиямен айналысуды армандайтынын айтқан еді. 

Аты аңызға айналған актер Джеки Чан кеше Қазақстанға ұшып келген болатын. Астана әкімі Әсет Исекешев әйгілі актерді әуежайдан өзі күтіп алды.

Айта кетейік, 2017 жылдың 7-18 маусым аралығында Астанада Қазақстан-Қытай кинофестивалі өтеді. 63 жастағы Джеки Чан Қазақстанға осы шараға қатысу үшін келіп отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети