10 маусым 2022 09:43

"Енеме тұрмысқа шықтым". Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеуі туралы айтты

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: moldir.auyelbekova/Instagram Фото: moldir.auyelbekova/Instagram

Қазақстандық әнші Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеуі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық әнші Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеуі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әуелбекова Instagram-парақшасында оқырмандар сұрағына жауап берді. Онда әнші бұрынғы күйеуі және оның баласымен қарым-қатынасы туралы айтты.

"Балам әкесін жақын танып, араласып кетсе екен. Бір жылда бір рет қана көріседі. Қанша әкесін есіне салып, мақтап отырсам да, әзірге онша елемейді. Алдағы уақытта ол да түзелер. Айтпақшы, биылғы ораза айынан бастап әкесі көмектесе бастады. Рақмет онысына", - дейді Мөлдір Әуелбекова. 

Артынша, оқырмандар "Енеңізбен тұрдыңыз ба" деген сұрақ қойды. 

"Иә, күйеуге емес, енеге тұрмысқа шыққан жандардың қатарынанмын", - деп қысқа қайырды әнші. 

Мөлдір Әуелбекова қымбат көлігін бұрынғы күйеуі тартып алғанын айтты 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети