29 қыркүйек 2022 | 17:07

"Гидті ұрды". Қазнетте Төреғали Төреәлінің видеосы талқыланып жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазнетте қазақстандық эстраданың танымал әншісі Төреғали Төреәлі түсірілген видео талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазнетте қазақстандық эстраданың танымал әншісі Төреғали Төреәлі түсірілген видео талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы
Төреғали Төреәлі ұсталды

Кадрларда қабағы қанаған жігіт өзіне белгілі әнші Төреғали Төреәлі шабуыл жасағанын айтады. Куәгерлердің айтуынша, Төреғали еш себепсіз күш көрсеткен.

Оқиға туралы толығырақ Join Me туристік агенттігінің директоры Іңкәр Шаймерденова айтып берді. Оның айтуынша, әншінің әрекетінен Бекарыс есімді гид зардап шеккен.

"Кеше біздің туристер гид Бекарыспен Көлсай мен Қайыңдыға екі күндік сапарға шықты. Сол жерде Төреғали Төреәлімен кездескен. Бір турист оны танып, жай қарап қалыпты. Төреғали қасына келіп: "Маған неге олай қарап тұрсың?!" деп тиісіпті. Сосын турист кетіп қалған", - деп бастады әңгімесін Іңкәр Шаймерденова.

"Біраз уақыттан кейін дәретханаға кезекте тұрған гид Бекарысқа шабуыл жасаған. Төреғали көлігінен түсіп, оны ұрып-соға бастаған: "Маған қалай қарадың, не қарап тұрсың!" деп. Оның бәрін көрген куәгерлеріміз, туристеріміз бар, соғып, кейін кетіп қалған", - деді Іңкәр Шаймерденова.

Турфирма директорының айтуынша, әнші бұнымен қоймай, туристердің автобусы турған тұраққа атпен келіп, әдіпсіз қылық көрсетіп, былапыт сөздер айтқан. Куәгерлердің болжамы бойынша, эстрада әншісі мас күйде болған.

"Джип тоқтады. Төреғали көліктен түсіп, Бекарысты ұра бастады. Жүгіріп келгенде, Төреғали екенін көрдім. Мен оның қалай тепкенін де көрдім, біздің гид - жас жігітті ұрды, тек тепкілеп қана қоймай, оның аяғынан және бетінен ұрып, қанатып кетті. Біз видео түсіріп үлгердік, ол бірден көлікке мініп, кетіп қалды. Оларға мүлдем қарауға болмайды ма екен? Төреғали бұныңыз әбестік болды, сізді құрметтейтін едік", - дейді турист әйелдер.

"Гид көзінен жарақат алды, қазір ол полицияға арыз жазып жатыр. Төреғалидың гидтен кешірім сұрауын талап етеміз, бұны бұлай қалдыра алмаймыз. Бізде куәгерлер мен бейне дәлелдер бар", - деп түйіндеді Іңкәр Шаймерденова.

Алматы облысы Полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов бұл іске қатысты пікір білдірді.

"Тексеру шаралары басталды. Алматы облысы ПД басшысының тапсырмасы бойынша мән-жайды анықтау Кеген аудандық ОП қызметкерлеріне жүктелді. Алматы облысының Полиция департаменті жүргізілген іс-шаралардың барысы мен нәтижелерін бақылауға алды", - деп жазды ол.

Қазіргі уақытта Tengrinews.kz тілшілері пікір алу үшін Төреғали Төреәліге хабарласып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети