Қазақстандық жұлдыздар тойында әрдайым ерекшеленуге тырысады. Бірі акула алып келсе, тағы бірі қазақ дәстүрін жаңғыртып тойда келінге бауырсақ жасатады. Би билеп, ән айтып таңғалдыратыны да бар. Tengrinews.kz тілшісі жұлдыздардың тойда жасаған ерекше шоуларына шолу жасады.
Қазақстандық жұлдыздар тойында әрдайым ерекшеленуге тырысады. Бірі акула алып келсе, тағы бірі қазақ дәстүрін жаңғыртып тойда келінге бауырсақ жасатады. Би билеп, ән айтып таңғалдыратыны да бар. Tengrinews.kz тілшісі жұлдыздардың тойда жасаған ерекше шоуларына шолу жасады.
Екі той бір күнде
Танымал әртістер Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтанованың қызы Айымның тойы ерекше өткен болатын. Ұзату тойдың арты үйлену тойына ұласты. Бәрі бір күнде бір мейрамханада өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Актриса Айым Сейтметова мен жұбайы Талғат Итаевтың қуанышына әнші Меруерт Түсіпбаева, "МузАрт" тобының серілері Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев пен Кенжебек Жанәбілов, актер Азамат Сатыбалды, актриса Анар Батырхан мен кәсіпкер Бейбіт Әлібеков қонақ болы келді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тойда акула тарту
Әнші Әбдіжаппар Әлқожа да ұлдарының сүндет тойында акула сойдырып, жұртты таңғалдырған еді.
Акуланы белгілі аспаз Бағдат Талғатұлы дайындаған. Оның айтуынша, акула еті жарты сағатта піседі.
"Той 22 ақпанда Жетісайда өтті. Акуланы АҚШ-тан алдыртты. Балық жарты сағатта піседі. Оның еті көп адамға ұнамауы мүмкін. Тауықтың етіне ұқсайды, бірақ қышқылдау болып келеді. Бір акуланы тойда шоу ретінде ұсындық. Етін көп адам жей бермейді, акула деген аты ғана", - деген еді аспаз.
Әлеуметтік желіде пікір қалдырушылар арасында "акула харам" дескендер де болды. Алайда кейін аспаз бұл акула жабайы емес екенін және алғаш рет дайындап отырмағанын айтты.
"Алматыда балықтың түр-түрін, сегізаяқ, тіпті жыланды да тапсырыспен мейрамханаларда пісіретінмін. Тойдағы балық - акуланың баласы. Негізі ол жабайы акула емес. Яғни жиын-тойларға тапсырыс ретінде арнайы бассейндерде 2-3 келіге дейін өсіріледі. Акуланың жасанды түрі деп айтсақ болады", - дейді Бағдат.
30 мың адамға көкпар
Әбдіжаппар Әлқожаның тосынсыйы осымен аяқталмады, сүндет тойдан бұрын ол күндіз 30 мың адамға көкпар ұйымдастырды. Оған қоса бұл қуаныш ерекше күнге белгіленді - 22.02.2022.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әлеуметтік желіде Әбдіжаппардың әріптестері дүбірлі тойда түскен суреттері мен алған әсерлерін бөлісіп жатты. Мысалы тележүргізуші Нұрсұлтан Есжан "бұл - тарихта қалатын көкпар, ел есінде жүретін той болып жатыр" деді.
"Әбдіжаппар бауырым қазақ пейілінің кеңдігін көрсетті. Мұндай тойды көрген де арманда, көрмеген де арманда! Әбдіжаппар бауырым, қуаныш себепшілері болған перзентіңмен 1000 жаса!" - деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Торттың орнына бауырсақ
Биыл наурызда ағайынды Жүгінісовтер отбасындағы тойда да ерекше дәстүр жасалды. Мұхаммедәли Жүгінісовтің үйлену тойында жаңа түскен келін ортада бауырсақ пісірді. Актриса Айнұр Жүгінісова баласының тойында бүгінде дәстүрге айналған торт кесу салтанатын жасамады. Себебі дәмді торт алып шығып, оның отын сөндіріп, көпшілік алдында кесіп, үлкендерге беру қазаққа жат нәрсе деп есептейді.
"Сонымен қатар, отты сөндіру расында қазақта "шаңырағыңның оты сөнбесін" деген ырымға қайшы келеді. Дәстүрді дәріптеп жүрген адам ретінде торт шырағын сөндіру, кесу деген заттар маған ерсі көрініп, мені қынжылтатын", - дейді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Осылайша, Мұхаммедәлидің үйлену тойында көптің алдына қазан-ошақ алып шығып, майдың иісін шығарып, үйдің үлкендеріне және жолдасына бауырсақ ұсынылды. Айнұр Жүгінісова өзіміздің ұлттық құндылығымызды күнделікті үрдіске айналдырып, дәстүрімізді жаңғыртуға бірге атсалысуға шақырды.
Бүлдіршін шоу жасады
Қарақат Әбілдина да биыл 44-ке толған туған күнін дүркіретіп өткізді. Бұл кеште жұртты әншінің 5 жасар қызы Аяла Қыдырәлі таңғалдырды. Ол анасына арнап Dance Monkey деген ағылшын әнін қазақ тілінде айтты. Бүлдіршіннің өнеріне тәнті болған желі қолданушылары да оны "болашақ жұлдыз" деп жатты.
"Аялекам телефон камерасына қарап өнер көрсеткені болмаса, көпшілік алдына алғаш шығуы. Қорқып қала ма деп ем, сары қызым сасқан жоқ", - деп бөлісті әнші Instagram-да.
Әбілдинаның тойын танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов жүргізді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Танымал әзілкештен флешмоб
Тұрсынбек Қабатов демекші, әзілкештің отбасында да биыл көктемде той болды. Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова туған күнін дүркіретіп атап өтті. Қуанышты сәтті бөлісуге оның ағайын-туыс, жақындары, дос-жарандары мен өнер адамдары келді.
Тойда Тұрсынбек Қабатов тағы бір қырынан танылды. Ол бір топ адаммен үнді биін биледі. Көңілді сәттің видеосын Айгүл Мүкей жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Туған күн - Мальдив аралдарында
Қайрат Нұртас та елді таңғалдырудан жалықпайды. Биыл ол туған күнін Мальдив аралдарында атап өтті.
30 адамға арналған 6 күндік тур бағдарламасында, аралмен танысу, түрлі ойындар мен әншінің құрметіне ән кеші болды.
Ерке Есмахан да бұл шарадан қалыс қалмай, туған күн кешіне тосынсый болып барғаны халық есінде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!