"Хочу к Меладзе" шоуының қатысушылары - семейлік Фариз Мамедов, Челябинскіден Артем Угляров пен Мәскеуден шыққан Михаил Балясинский жоба аяқталса да, бірге өнер көрсетуді жалғастырамыз деп шешті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Хочу к Меладзе" шоуының қатысушылары - семейлік Фариз Мамедов, Челябинскіден Артем Угляров пен Мәскеуден шыққан Михаил Балясинский жоба аяқталса да, бірге өнер көрсетуді жалғастырамыз деп шешті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Байқаудың ұжымдар тәлімгерге таласқан кезеңдерінің бірінде бұл топты ешкім алмағаны белгілі. Ал ереже бойынша Константин Меладзе тәлімгері жоқ топты келесі кезеңге жібере алмады. Оның таңдауы тап осы ұжымға түсіп, жігіттерден құралған топ "Джокеры" деген атқа ие болды.
Жігіттер тәлімгерсіз болса да ақтық сынға сүрінбей жетті. Бірде Вера Брежневаның "Реальная жизнь" әнін жаңа аранжировкамен орындады. Әннің әсерлі орындалғаны сонша, сол байқауды жүргізген Вера Брежнева көзіне жас алды.
16 жастағы Фариз Мамедовтың айтуынша, музыканттар жоба барысында бірге ән салуды жалғастырамыз деп шешкен. "Хочу к Меладзе" шоуы аяқтала сала, олар Дубайда кездесіп тұңғыш клиптерін түсіруді бастап кетті. Айта кетейік, топты одан ары алып жүруді қолға алған продюсердің есімі әзірге құпия. Алайда "Джокеры" тобы алғашқы өнер көрсету кешін Алматы түнгі клубтарының бірінде 2014 жылдың 15 желтоқсанында өткізеді. Топ "Потанцуй со мной" атты авторлық туындыларының тұсауын кесіп, жобада орындаған композицияларын паш етеді.
Еске сала кетейік, "Хочу к Меладзе" шоуы 22 қарашада аяқталды. Сергей Лазаревтің шәкірттері болған, құрамында қазақстандық Анатолий Цой бар топ шоудың жеңімпазы атанды.