Желіде Төреғали Төреәлінің "ажырасып кеткені" туралы ақпарат тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Төреғали Төреәлінің "ажырасып кеткені" туралы ақпарат тарады Фото: instagram.com/toregalitoreali

Желіде әнші Төреғали Төреәлінің "ажырасып кеткені" туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде әнші Төреғали Төреәлінің "ажырасып кеткені" туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында бөліскен. 

"Төреғали ажырасты, сұмдық" деп тараған видео 1,2 миллион қаралым жинаған.

Ал Желі қолданушыларының бірі бұл жалған ақпарат екенін, енді бірі бұл әзіл екенін айтқан.  

"Өтірікті қар секілді боратып, айтпайтындары жоқ", "Адамдарға сөз жоқ. Өзің туралы өсек естіп таңғаласың. Сұмдық. Өсек немесе жала айтар кезде ойланыңыздаршы", - деп жазды әншінің тыңдармандары. 

Бұл жазбадан кейін әнші ақпаратты жоққа шығарып, жары Толқынмен сурет салып, артынша қысқа видео жариялаған. 

"Біз үйленейін деп жатырмыз. Бұл #lovestory", - деп жазған әнші. 

Айта кетейік, әнші сүйіктісімен 2014 жылы отау құрған. Ал 2017 жылы 17 қазанда Алматыдағы Rixos Almaty қонақүйінде оның үйлену тойы өтті. Бүгінде ол жарымен үш қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети