19 мамыр 2022 12:44

"Қандай өнеге бересіңдер?" Көрермен концертте белгілі әнші Қабдолды сынады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

kabdol Instagram-парақшасынан kabdol Instagram-парақшасынан

Желіде концерттердің бірінде көрермен сахнаға шығып, әнші Қабдолға ескерту жасағаны түсірілген видео тарады. Көрермен қазақтың ұлттық дәстүрі беташардың мәні жоғалғанын айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде концерттердің бірінде көрермен сахнаға шығып, әнші Қабдолға ескерту жасағаны түсірілген видео тарады. Көрермен қазақтың ұлттық дәстүрі беташардың мәні жоғалғанын айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zellokyzylorda | Кызылорда (@zellokyzylorda.kz)

"Қазақтың өнерін өзгертуге қарсы азаматпын. Ешқашан өзгертпеңдер! Алдында бір тойда көрдім, бет аштың. Бұрынғы Біржан салдар бар, солардың әнімен неге ашпайсыңдар? Мына әнді өзгерте бер. Ал беташарды бұзбаңдар! Неше түрлі әнге саласыңдар. Жастарға қандай үлгі бересіңдер? Азаматтар, жас балалар өсіп келе жатыр. Қандай өнеге бересіңдер?", -  деді видеодағы адам.

Желі қолданушылары видеоға түрлі пікір білдірген:

"Ағамыздікі өте дұрыс, қазақилықты сақтап қалу үшін дәстүрге тиіспеңдер".

"Дұрыс, әр нәрсе өз ретімен, жөнімен айтылуы керек. Осындай үлкен кісілер аман болсын!"

"Ағамыз өте дұрыс айтып тұр, осындай ақыл, жөн көрсететін кісілер аман болсын!"

"Дұрыс, қазір беташарды түрлі қылып, мазақ қылды".

"Дұрыс айтады, өте орынды, жастар сынды қабылдай білуі керек".

"Қазақтың киелі қара домбырасымен ашқан дұрыс қой, негізі".

Кейінірек Қабдол Instagram-парақшасында осы оқиғаға қатысты пікір білдіріпті.

"Әңгіменің тоқетерін айтайын. Іссапармен, концертпен Ақтөбе қаласына халықты қуанту мақсатында келдік. Түсінбегенім, концертке менің беташарымның не қатысы бар? Мақұл, айтса да халықтың алдына шығып айтудың не керегі бар? "Болам деген баланың бетінен қақпа, белін бу" деген кезінде атам қазақ! Бұл сөзбен мен өзімнің өнерімді, беташарымды мақтап отырған жоқпын, барлық халыққа бірдей ұнауы мүмкін емес, оны бәріміз білеміз, мені шақыратын халық, YouTube-тан көріп, өздері тойында қызмет еткенімді қалайды. Мен ешқашан өзім хабарласып жармаспағанмын, беташарды өзгертіп айтты дейтіндей.

Бұл жерде келінге ағылшынша өсиет айтпаппын, ақын ағаларымызға халыққа жағымды сөз жаздырып, қалай шырқасам да қазақтың қара домбырасымен, қазақтың қара сөзімен келінге өсиет айтып, туған-туысқа таныстырып келемін! Бұнымен айтқым келгені, егер де маған реніш болса, бұлай концертте емес, жеке шығарып алған дұрыс дегім келеді! Бұл ағамыздың айтқаны хайп па, әлде айып па? Сын көтере алатын жанмын, бірақ бүгін бұл той емес, бұл - концерт! Барша мені қолдайтын жандарға Алланың нұры жаусын!" - деді әнші Желіде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети