Танымал әнші Қарақат Әбілдина Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Танымал әнші Қарақат Әбілдина Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық әнші әрі тележүргізуші өміріндегі соңғы жаңалықтарға тоқталды. Айтуынша, ол өмірінде екі рет шок алған. Біріншісі медреседе құран оқытып, кеш ұйымдастырған соң дау-дамайдың шығуы болса, екіншісі Ырза Тұрсынзадамен болған дау екен. Әбілдина ол кісінің көздегені тек PR дейді.
"(...) Кез келген таяқтың екі ұшы болады демекші, бұл танымалдықтың да екінші ұшы өзіне таяқ болып тиеді. Бірақ жаратқан Алла бар, көруші, естуші, барлығына төреші - жалғыз Алла. Сол кезде мен өзімді бірінші кезекте сабырға шақырдым", - дейді әнші.
Осындай қиын сәттерде әншіге жолдасы Қыдырәлі Болманов қолдау көрсетіпті. Ал достары жайлы сұраққа Әбілдина шынайы достары өнерден емес екенін, көбі бала кезден келе жатқандары екенін айтты.
Бұдан бөлек әнші телевизия жайлы және желілерде айтылып жатқан сын мен пікірлерге қалай қарайтынын айтты.
Сұхбат соңында Қарақат Әбілдина Денсаулық сақтау министрлігінің елшісі болып тағайындалғаннан кейін енді нақты немен айналысатынын айтып берді.
Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасында қазақстандық вайнер Серғазы Тоқтарбек, әнші Мейрамбек Бесбаев, актер Шәріп Серік, әнші Айқын Төлепберген, Нобель сыйлығын жеңіп алған үш әйелдің бірі Тавакул Карман, Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова, Арменияның бірінші ханымы Нунэ Саркисян, білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қонақ болған еді.
Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.
YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы Facebook, Instagram және Telegram желісінде.