26 сәуір 2018 21:50

Қайрат Нұртастың әйелі үйлену тойы кезіндегі қызықтарды айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial © instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдукәрімова үйлену тойы кезіндегі қызықтарды айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдукәрімова үйлену тойы кезіндегі қызықтарды айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, неке қиятын АХАЖ бөлімінің қызметкері тойға келмей қалған. 

"Мен үшін үйлену тойымыз бір қойылым секілді өтті де кетті. Себебі, некемізді қиятын АХАЖ бөлімінің қызметкері тойымызға келмей қалды. Ол жағдайды естіген Ғабит Мүсірепов атындағы ТЮЗ-дің әртістері, әрі сол кездегі менің әріптестерім аяқ асты өздері нике қию рәсімін ұйымдастырып жіберді. АХАЖ қызметкері рөлінде Жібек Бектемірова апамыз біздің некемізді салтанатты түрде қиып, рәсімді жақсылап тұрып өткізіп берді. Лидия Кәденова апамыздың әні мен биінің өзі бір қойылым. Айдос Бектеміров ағам мен Айгүл Иманбаева әпкеміз "Қыз Жібек" спектаклінен ария орындап, естен кетпес қуаныш сыйлаған. Кәсібиліктің шыңы деген сол шығар. Сонымен не керек би де, тілек те, ойын да, ән де, сыйлық та, тіпті "Ешкімге көрсетпеймін" әніне бейнебаянды да түсіріп тастадық. Ал, ол бейнебаянды, енді 10 жылдан кейін көрсетеміз", - деп әзілдеді Әбдукәрімова Instagram желісіндегі парақшасында.


© instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Тойдың қызығы мұнымен бітпепті. Салтанатты шара аяқталған соң күйеу жігіт пен қалыңдық жалғыз өзі ғана қалып қойыпты. 

"Той біткен соң ары қарай достарымызбен қыдыратын болып шештік. Той қонақтарымен қоштасып, бәрін шығарып салып, ата-ана, бауырлар үйге қайтты, жиырмаға жуық достар 2 көлікке сыйысып олар кетті. Бір қарасақ Қайрат екеуміз ғана қалыппыз. Түнгі 2-3-тер шамасы. Көлік жоқ. Содан жаңа үйленген жас жұбай қол ұстасып алып, әппақ фатаны желбіретіп жолдан өтіп, такси тоқтатып достарымызға қарай кеткенбіз", - деп еске алды ол.

Айта кетейік, таяуда әнші отбасын таныстырып, Астана мен Алматыда дүркіретіп концертін өткізген болатын. Концертте әншінің ата-анасы, әйелі және төрт баласы да өнер көрсетті. Алау Қайратқызы гимнастикалық трюктер жасап, билесе, Нарұл Қайратұлы ән айтты, ал Хан деген ұлы сахнаға ханның тағына отырып шығып, көрерменге биін паш етті. Ал әнші мен әйелі, сонымен қатар, әкесі мен анасы дуэт орындады.

Еске салайық, Қайрат Нұртастың жеке өміріне және оның отбасына қатысты мәліметтер он жылдан артық уақыт бойы құпия болып келген еді. Әнші жұбайын 2017 жылы қазанда өткен "Арман..." (орысша атауы "Когда ангелы спят") атты фильмнің таныстырылымында ғана ел алдына алып шыққан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети